Сібір, Көктөбе, Қарқаралы. Өрттен қалай қорғанамыз?

Сібір, Көктөбе, Қарқаралы. Өрттен қалай қорғанамыз?

Айналдырған 1 айдың ішінде Алматы қаласында бірнеше өрт оқиғалары орын алды. Ауа райының күрт ысуына және тағы да басқа жағдайларға байланысты 18 шілдеде Потатин көшесінде, 2 тамызда Назарбаев даңғылында, 11 тамызда Көк-Төбеде, 13 тамызда «Самғау» ықшамауданында өрт шықты. Одан бөлек, Қарқаралы ұлттық саябағында, жер жүзін дүрліктіріп Сібірде алапат орман өрті орын алды. Оқыс оқиға орын алған жағдайда тілсіз жауға қарсы ең бірінші қандай әрекет жасау керек? Өрт кезінде ескерер ережелер қандай? Бұл жазбада осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Назарларыңызға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ұсынған жаднаманы ұсынамыз.

Ең алдымен, бейтаныс ғимаратқа кіре бере, өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз. Негізгі және қосымша есіктердің орналасуына назар аударыңыз. Егер, Сіз «Өрт!» деген айқайды естісеңіз, әлде түтін иісін сезсеңіз, немесе жалынды көрсеңіз, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз.

Сабырлық және ұстамдылық танытуға тырысыңыз, жаныңыздағы адамдарды жұбатыңыз. Жағдайды дұрыс бағалай біліңіз, нақты қауіптің бар екеніне көз жеткізіңіз, оның қайдан таралатынын анықтаңыз, сосын асықпай айғай-сүреңсіз есікке қарай бағыттап сырт жаққа жылжи бастаңыз. Топтың ортасында жылжығанда, қарт адамдарды алдыға қарай өткізіңіз, байбаламшыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш шырмап және қимылдай алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды және түсінікті сөйлесіңіз.

Топтың ішінде қалған кезде, жұдырықты түйіп алып қолды білекке жинап алып, оны бүйіріңізге қысыңыз. Аяқты алдыға мықтап тіреп, тұла бойыңызбен артқа шалқайыңыз және алдағы кеңістікті босатып және қысымды арқамен тоқтатуға тырысыңыз, алға баяу жылжып отырыңыз.

Қою түтінді аймақтан аулақ болыңыз! Қазіргі заманғы ғимараттарда жанған кезде уытты заттар бөлетін пластик, синтетикалар өте көп. Бірнеше рет ауаны ішке жұтудың өзі жеткілікті – Сіз уланудан қаза болуыңыз мүмкін. Бөлмелер, дәліздер түтінге толған кезде түтінге толмаған баспалдақтар жаққа қарай жүріңіз, немесе есікке қарай, бірақ тек лифтке қарай жүрмеңіз. Өрт кезінде лифті қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Қабырғадан, тұтқадан ұстаңыз, қол орамал немесе киім арқылы дем алыңыз. Егер түтіннің топталуы көбейсе, еңкейіңіз немесе еңбектеп жүріңіз. Егер Сіз температураның жоғарылағанын сезсеңіз, демек, Сіз қауіпті аймаққа жақындап келесіз. Бұл жағдайда ең дұрысы кері қарай бұрылып кету.

Егер қалың түтіннен, жоғары температурадан және оттан Сіз баспалдаққа немесе дәлізге шыға алмасаңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып дереу кері қарай қайту қажет. Ал есік жарықтарын және желдеткіш саңылауларын дымқыл шүберекпен тығындап тастаған жөн.

Ғимаратта түтіннің қоюлануы және жоғары температураның пайда болуы кезінде есікті тығыздап жауып балконға, лоджияға шығу қажет. Өзіңізбен бірге суланған көрпе немесе басқа тығыз матаны ала жүріңіз, Сіз онымен жалынның есік және терезе ойықтарынан ене бастаған кезінде жамылып аласыз. Бірақ бұл қорғаныс аз уақытқа ғана жетеді. Балкон болмаған кезде Сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап тұрып, терезе алды тақтайына (дөңес жер, ернеу) тұру.

Егер төменде Сіздің астыңызда от жоқ болса және бөлмеде қалу қауіпті болса, онда өрт сатысы көмегімен бір қабат төмен түсуге тырысыңыз. Өзін-өзі құтқару үшін өрт сөндіретін жеңді қолдануға да болады. Бір-біріне сақтық жасаумен бір бірден құтқарылуға кеңес береміз. Әрине, бұл өмір үшін қауіппен байланысты, бірақ кейде басқа амал қалмайды.

Егер сіз алайда қатты түтінге оранған дәліз арқылы шығуды ұйғарсаңыз, бұл аса қауіпті, онда дымқыл тығыз матамен бүркеніп, еңкейіп немесе еңбектеп жылжу қажет. Тығыз мата сізді түтіннен қорғайды және ашық жалынмен жоғары температурасы бар болмашы аймақтардан жүгіріп өтуге мүмкіндік береді. Егер сіз жаққа жалын толқыны жылжи бастаса, онда асықпай басыңызды матамен жауып, құлаңыз, осы сәтте ішкі органдар күйіп қалмау үшін дем алмаңыз.

Жалынды күшейтетін "жанармай" заттар:
- перделер;
- киім;
- кілем жабыны;
- жиһаз, пластикалық қаптауыш;
- өрт және жарылыс қаупі бар заттар.

Апаттың ауқымы өседі, егер:
- өрт дабылы жарамсыз немесе жоқ болса;
- шығу жолдары жоқ болса немесе есік алды үйіліп қалған болса;
- өрт сөндірушілер уақытылы шақырылмаса;
- терезе торларын ашу мүмкін болмаса.

Егер мектепте өрт орын алса

Өрт дабылы жарияланған кезде оқушылар өз парталарының жанына тұра қалады және мұғалімнің нұсқауы бойынша сыныптан бір-бірден шығады. Соңғы көшірілген мұғалімнің бақылуымен сыныптың есігін тығыздап жабады. Әр сыныптың оқушылары әбігерге түспей өз қатарында бір қалыпты адыммен жүреді. Мұғалім сынып журналымен өз оқушыларының артынан жүріп отырады. Дәліз және баспалдақ алаңымен жылжыған кезде барлығын басып озып жүгіруге болмайды.

Жиналу орны алдын-ала келісіліп және барлығына мәлім болуы керек. Әдеттегідей, ол оқу орнынан жақын жерде орналасады. Жиналатын пункте сыныптар оларға бөлінген орынды алады, оқытушы оқушыларды түгендейді. Содан кейін оқытушы бірден сынып оқушыларының саны туралы оқу орнының директорына хабарлауы қажет.

Артта қалып қойған балаларды іздестіруге қызметкерлер кешеуілдемей оқушылар тығылып қалуы мүмкін орындарды тексеріп, бірақ өрттің ошағына жақындамай кіріседі. Өрт сөндірушілер келгеннен соң директор немесе оның орынбасарлары оларға зардап шеккен адамдар туралы және олардың болуы мүмкін орындар туралы хабарлайды.

Жедел жәрдем келгенге дейін түтіннен және жалыннан зардап шеккендерге жиналу пуктінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Оқыс жағдайда адам, оған қоса бала, үрейленуі, логикалық ойлау қабілетін жоғалтуы мүмкін. Ол қателіктер жібере бастайды, тиісті іс-қимылдар жасамайды, нәтижесінде өз өмірін қосымша тәуекелге душар етеді. Егер оқушы сыныптан қалып қойса, ең бастысы – абыржымай және нені қандай тәртіпте жасау керек екендігін анық білуі қажет.

Егер, өрт дабылы туралы белгі Сізді кабинеттен тыс жерде тапқан жағдайда, мүмкіндігінше тезірек өз сыныбыңызға қосылуға тырысыңыз немесе жиналу пуктіне дейін өз бетіңізбен жетіңіз. Сонымен бірге мұрныңызды және аузыңызды суда суланған матамен жабыңыз. Жалын мен түтіннің жылдам таралуы кезінде, есіктер, терезелер, желкөзді, желдеткіш торларды жабыңыз.

Егер жалын Сіздің бөлмеңізге жақындап келсе, көп мөлшерде су болған жағдайда онымен еденді және кіреберіс есікке су шашыңыз. Егер шығатын жол отпен кесіліп тасталса, қайткен жағдайда да барлық әдіспен тұрған орныңды белгілеу қажет. Есіңізде болсын, Сізді іздестіруде. Өрт ошағында, егер құтқарылу жолыңыз жалынмен кесіліп тасталса және Сізге тек қана көмек күту ғана қалса, жалынды қол асты құралдармен сөндіруге тырысыңыз.

Егер оқу орнының ғимаратында әр түрлі үйірмелер, секциялар жұмыс жасаса, олардың барлығы бір бірімен өзара әрекет жасаулары тиісті. Аспазшы, сыпырушы және тағы басқа қызметкерлер өрт дабылы бойынша тез арада жиналу орнына өз бетімен бағыттайды. Өртке қарсы қызметі рұқсат берілгенше, жиналу орнына келмей қалғандарды іздестіру қажеттігін қоспағанда, ешкімге ғимаратқа киім, кітаптар, құжаттар үшін қайта оралуға рұқсат етілмейді.

Ғимараттың кез-келген бөлігінде өрт дабылы туралы құлақтандыру олардың барлық бөлмелерінен адамдарды толық көшіру үшін дабыл болып табылады. Оқу мекемесінің басшылығымен бекітілген эвакуациялау жоспарына сәйкес үлкеннің басшылығымен барлығы кабинеттерінен шығады.

Күйік шалған кездегі бірінші көмек:

«Жедел жәрдем» келгенге дейін дереу алғашқы көмек көрсетілу керек. Күйіктің төрт дәрежесі бар.

1) Терінің қызаруы, ісінуі;
2) Қабыршықтың пайда болуы;
3) Күйік орнында қабыршақ қалыптасады;
4) Тіннің күлге орануы.

1 және 2 дәрежедегі күйік кезінде – зақым бетін 10-15 мин ағын сумен салқындатып, ал сонан соң таза матамен жабу қажет. 3 және 4 дәрежелі күйік кезінде күйген бөлікті таза дымқыл таңғышпен жабу қажет.

Алғашқы медициналық көмек шаралары неғұрлым ұзағырақ қабылданбаса, адамның жарақаты соғұрлым қатерлі болады. Есіңізде сақтаңыз! Күйік орнына жабысып қалған ешнәрсеге қол тигізуге болмайды. Сондай ақ күйікті иісмайлармен, лосьондармен майлауға, пайда болған күлдіреуді тесуге тыйым салынады.

Зардап шеккенді орындыққа отырғызу немесе диванға, еденге жатқызу, оған жайлы орналасуға көмектесу керек. Дереу жедел жәрдемді шақыру.
Егер қажет болса, зардап шеккеннің зақымданған жерлерінен барлық артық заттарды шешу қажет (сақиналар, сағат, аяқ киім және т.б.)
Жанып кеткен киім бұйымдарын денеге жабыспаған жағдайда ғана шешуге болады.

Соңынан жедел жәрдемнің келуін күтіңіз, егер бар болған жағдайда зардап шегушіге ауырғанын жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріңіз.

Жану өнімімен улану

Улы газдан уланған кезде зардап шегушіні мүмкіндігінше тезірек қауіпті аймақтан таза ауаға шығару керек

Егер зардап шегуші ес-түсінен айырылмаса, оны жатқызып, денесін қысқан киімді ағыту қажет. Самайын мұсатырлы спиртпен майлап, оны иіскету керек. Мұсатырлы спиртпен мақтаны мұрынның ұшынан 1 см жақын емес қашықтықта ұстап бұлғаңдату керек. Бұл өте маңызды, өйткені мұсатырлы спиртімен мақтаның мұрын ұшына тиген кезінде мұсатырдың тыныс алу орталығына қуатты әсер етуінен оның сал ауруының орнауы мүмкін.

Сілтілі су (1 литр суға 1 ас қасық ас содасы), ащы шәй, кофе ішкен өте пайдалы.

Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, тез арада жедел жәрдем немесе ес-түсіне келгенше жүректің жабық массажын және қолдан дем алдыруды бастау қажет.

Есіңізде сақтаңыз, зардап шегушіні улы газының топталуы жоғары орыннан шығарған кезде, уланып қалмау үшін ең алдымен өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет етіп және қол орамал, дәке арқылы дем алу қажет.

Өрт кезінде дұрыс әрекет етуге машықтанулар көмектеседі.

Оқу орнының қызметкерлері, сондай ақ оқушылар міндетті түрде негізгі және қосалқы эвакуация жолдарын білулері қажет.

Өрттер әртүрлі болады, сондықтан эвакуация жоспары қажет. Мысалы, егер басқыш алаңы от қоршауында қалса, адамдардың шығуына баламалы жол қарастырылуы керек.

Оқытушылар мен оқушылар қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуі керек.

Пиротехникалық бұйымды таңдау:

1. Қолдан жасалған пиротехникалық бұйымдарды қолданбаңыз.
2. Пиротехникалық бұйымдарды алған кезде, мұқият болыңыз, сәйкестік куәлігін, нұсқаулықтың, жарамдылық мерзімінің бар болуын тексеріңіз.
3. Пиротехникалық бұйымдарды таңдаған кезде, олардың сыртқы түріне назар аударыңыз. Анық ақаулары бар: мыжылған, су тиген, жарықшалары және басқа бүлінген тұрқы немесе білтесімен бұйымдарды қолдануға болмайды.
4. Пиротехникалық бұйымдарға кіретін жанғыш заттар және дәрілер өрт қауіпті. Абайсыз қолдану немесе дұрыс сақтамаған кезде олар оңай тұтануы мүмкін және өртке немесе жарақатқа алып келеді.
5. Пиротехникалық бұйымды қолдану алдында міндетті түрде нұсқаулықпен танысыңыз, көрсетілген қауіпсіздік аймақтарына аса назар аударыңыз.
Қайсібір өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қауіпті зардаптарға және нағыз қасіретке әкелуі мүмкін. Өте сақ болыңыз!

А. Қажиев