Конькиді қалай сақтау керек?

Конькиді қалай сақтау керек?
Фото: massaget.kz

Қыс келіп, коньки тебу маусымы да басталды. Шынын айтсақ, қыстың бір көркі  қар болса, екіншісі коньки тебу секілді. Әрине, әркімге әрқалай. Дегенмен коньки тебу денсаулыққа пайдалы әрі қызықты. Кәсіпқойлар үшін ғана емес, әуесқойларға да қолжетімді спорт түрі деуге болады.

Қазіргі таңда көпшілік конькиді уақытша алып тебеді. Өзіне жеке сатып алушылар да көп. Бүгінгі айтпағымыз, жаңадан коньки сатып алғандарға арналған аз кеңесіміз болмақ.

Сырғанаудан келгеннен кейін коньки жүзін құрғақ матамен сүртіп қойыңыз. Бұл тат баспауына көмектеседі.

→ Коньки жүзін арнайы қаптағышпен қаптаңыз. Әйтпесе бір-біріне, болмаса алғанда өз қолыңды, болмаса сөмкеңді кесіп кетуі әбден мүмкін.

→ Конькимен мұзы жоқ қатты жерде көп жүрмеңіз. Жүзі желінеді.

→ Конькидің жүзін өзіңіз егеп, өткірлеуге тырыспаңыз. Арнайы маманына жасату маңызды.

→ Конькиді кептіріп қоюды ұмытпаңыз. Бауларын ағытып, ауа айналымы жақсы жерде кептіріп алыңыз.

→ Батарея үстіне қойып кептірмеңіз. Қалпын (форма) жоғалтады.

Н. Үсенова