Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Әлеуметтік желідегі парақшаңыз бұзылмас үшін...

Әлеуметтік желідегі парақшаңыз бұзылмас үшін...

Әлеуметтік желідегі парақшаңыз бұзылмас үшін...

Күнделікті тіршілікте әлеуметтік желілердің маңызы жоғары. Достармен хабарласу, жаңалықтар қарау, қызықты видеоларды тамашалау, өзге де мәліметтерді алу және өзіңдегі ақпараттарды жариялау үшін таптырмас құралға айналып үлгерді.

"Таяқтың екі ұшы бар демекші", әлеуметтік желілердің де пайдасы мен зияны жетерлік. Бұл жайында айтылып та, жазылып та жүр. Бүгінгі айтпағымыз әлеуметтік желідегі парақшаларға жасалатын хакерлік шабуылдар жайлы.

Жеке парақшаға жасалған шабуылдарды есітіп жүрген де боларсыз. Тіпті сіздің де парақшаңызға біреулердің бұзып кіргісі келгенін байқаған сәттеріңіз бар болар. Көбіне хакерлер танымал адамдардың жеке парақшаларына жиі шабуылдайды. Ал әуесқойлар үшін сіздің парақшаңыз да жеткілікті болуы мүмкін.

Әлеуметтік желілердегі парақшаңыз бұзылмас үшін не істеу керек? Көп адамдар байқаусызда арбауға түсіп қалады екен. Фишинг әдісі арқылы жеке парақшасының логині мен құпиясөзін иеленеді. Яғни сілтемеге өтіп, логині мен құпиясөзін теруін өтінеді. Мұны орындасаңыз, парақшаңызға өзгенің кіруіне жол бересіз. Бұл бір ғана әдісі. Тағы неден сақтану керек?

1. Күмәнді (дауыс беріңіз, сауалнамаға қатысыңыз, жаға ұстатар жаңалық, т.б) сілтемелерге өтпегеніңіз дұрыс.

2. Гаджетіңізге тексерілмеген бағдарламаларды орнатпағаныңыз абзал.

3. Өзіңіз біле бермейтін парақшалар ашылғанда логиніңіз бен құпиясөзіңізді енгізбеңіз.

4. Керекті бағдарламаларды ресми дереккөздерінен ғана орнатыңыз.

5. Гаджетіңізді белгілі бір уақыт сайын антивирустық бағдарламалар арқылы тексеріп тұрыңыз.

6. Қоғамдық ортада құпиясөзі жоқ WIFI желілерін пайдаланбаған жөн.

7. Құпиясөзіңізді жиі өзгертіп тұрыңыз.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: 112.ua
Қосылған күні: 30 қараша 2018, 13:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.