Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Бүгін – Халықаралық сәлемдесу күні

Бүгін – Халықаралық сәлемдесу күні

Бүгін – Халықаралық сәлемдесу күні

Жымию мен ақ пейілді сәлемдесу көптеген сұрақтардың шешілуіне арналған алғашқы қадам болып табылады. Екі жақтың арасындағы дауды шешудің тиімді әдістерінің бірі – сәлемдесу арқылы еркін қатынасты бастау. Тіпті, бастау үшінші жақтан орын алғандығында тұрған ештеңе жоқ. Халықаралық сәлемдесу күні де шамамен осылай басталды.

1973 жылы Мысыр мен Израиль арасындағы суық соғыс кезінде Брайен мен Майкл Маккомаки атты екі америкалық жігіттен тұратын үшінші жақ әлемнің барлық елдеріне жарқын көңілмен ашық хат жолдайды. Олар нақты ештеңе сұрамайды, бар болғаны осылай жазылған хатты тағы бір адамға тарату қажет болады. Осындай қарапайым әдіс Халықаралық сәлемдесу күнінің бастамасына айналады.

Жігіттердің мұндай идеясы кенеттен 180 мемлекеттен қолдау тауып, бірнеше жылдың ішінде халықаралық дәрежеге шығады.

Халықаралық сәлемдесу күні (World Hello Day) 21 қараша күні тойланады. Кей мемлекеттерде бұл күні хат жіберу дәстүрі сақталған. Осы күнге арналған флэшмобтар да өтеді. Оған түрлі жастағы және түрлі қызметтегі адамдар қатысады. Ешқандай шектеу жоқ.

Сәлемдесу – этикеттің бірінші ережесі, күннің, кездейсоқ немесе іскерлік кездесудің бастамасы. Сәлемдесудің өзі ақпарат бермесе де, үлкен күшке ие. Заманауи әлемде сәлемдесудің үйреншікті қимылына қол алысу жатады. Заманауи этикет ережелеріне сәйкес сәлемдесу және қоштасу кезінде қол алысу 3-5 секундқа созылу керек.

Қазір Халықаралық сәлемдесу күніне арналған құттықтауды пошта, электрондық пошта, ұялы телефон арқылы немесе жеке кездесу кезінде жолдай аласыз. Бастысы – сәлемдесудің шын пейілден болуы. «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» деп бекер айтылмаған. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 21 қараша 2018, 08:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.