Зейін қоюдың басты өлтірушілері

Зейін қоюдың басты өлтірушілері
Фото: pixabay.com

Әлемде зейін қоюды өлтіретін заттар көп. Оларды басқаруға көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз.

Әлеуметтік желілер

Олардың көмегімен достармен байланысу, көңіл көтеру, демалу және т.б оңайға түседі. Біз әлеуметтік желілер мен жұмыс арасында зейінімізді сағатына бірнеше рет ауыстырамыз. Сондықтан әр жолы ой өрісін бөлеміз.

Шешімі: жұмыс кезінде хабарламаны сөндіріп тастаңыз. Егер әр уақытта байланыста болу керек болса, әлеуметтік желіге үзіліс кезінде кіріңіз. Егер Youtube пен инстаграм тартылысына қарсы тұру мүмкін болмаса, интернетті сөндіріп тастаңыз.

Электрондық пошта

Электрондық хаттардың көбісі жұмысқа байланысты келсе де, олар бәрібір негізгі тапсырмадан алаңдатады.

Шешімі: Әрдайым поштаны тексере берудің орнына оған нақты уақыт қана бөліңіз. Содан соң оны жауып тастаңыз.

Ұялы телефон

Хатқа қарағанда келген қоңырауды елемеу қиынырақ. Ол маңызды нәрсе болып қалуы мүмкін.

Шешімі: Дыбыстық хабарлама қосып, оны тыңдауға уақыт арнаңыз. Сол кезде жұмыс процесін үзіп, қайтадан жаңартып отырудың қажеті болмайды.

Көп мәселелік

Зерттеулер бойынша, тапсырманы параллельді орындау жүйеліге қарағанда көп уақыт алады.

Шешімі: Бір жобамен айналысыңыз, ал көп мәселені қатар шешу қабілетіңізді басқа жағдайға қалдырыңыз.

Іш пысу

Іш пыстырарлық іс зейінді тек 1 минутқа ғана ұстай алады.

Шешімі: Өзіңізбен келісімге отырыңыз: іш пыстырарлық іспен мысалы, 30 минут айналысасыз. Содан соң 10-минуттық үзіліс жасайсыз. Өзіңізді шаймен немесе тәттімен марапаттаңыз.

Бас қатыратын ойлар

«Интернетте біреуге былай жауап беру керек еді» деген ойлар басыңыздан кетпей ме? Бұл алаңдататын күшті факторға жатады.

Шешімі: Жауабыңызды жазып қойыңыз. Сол адамға қалай жауап беруім керек деп ойлайсыз, соны қағазға жазыңыз. Ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс мазасыз ойлардан құтылуға көмектеседі.

Күйзелу

Күйзеліс иықта ауыртпалық сезімін, бас ауруын және жүрек соғысының жиіленуін шақыруы мүмкін. Бұл белгілердің әрбіреуі зейін қою қабілетін өлтіреді.

Шешімі: Медитация жасауға тырысыңыз. Ол күйзелісті түсіруге көмектеседі.

Шаршау

Ұйқының жетіспеуі зейінді өлтіріп, қысқа мерзімді есте сақтауды нашарлатады.

Шешімі: Ересек адамға 7-9 сағаттық ұйқы қажет, әйтпесе, зейін проблемасынан қашып құтыла алмайсыз. Толыққанды ұйықтауды қолға алыңыз. Қай уақытта өзіңізді қуаттырақ сезінесіз, сол кезге маңызды тапсырмаларды қалдырыңыз.

Қарын ашу

Энергия жетіспеушілігі кезінде қысқа мерзімді есте сақтау мен зейін қиналады.

Шешімі: Егер жұмыста жүрек жалғап алуға мүмкіндік болмаса, әр тамақ ішуіңізге күрделі көмірсулар мен ақуыздар қосыңыз. Мысалы: етпен пісірілген макарон, ботқа және т.б. Сол кезде тоқтық сезімі ұзаққа дейін сақталады.

Депрессия

Зейін қою қиындығы – депрессия белгілерінің бірі.

Шешімі: Бостық, үмітсіздік және бейжайлық сезінесіз бе? Ұйқыңыз бен тәбетіңіз жоқ па? Психотерапевтпен ақылдасыңыз. Депрессия – емдеуді қажет ететін ауыр аурудың бірі.

Дәрі

Көптеген дәрілерде осындай жағымсыз әсері бар.

Шешімі: Дәрігермен мөлшерін өзгерту немесе басқа дәріге ауыстыру туралы ақылдасыңыз.

А. Жапатова