Күннен қорғайтын көзілдірікті қалай таңдаймыз?

Күннен қорғайтын көзілдірікті қалай таңдаймыз?

Көзілдірік - аксессуар ғана емес, сонымен қатар көзіңізге арналған қорғаныш. Көзілдірік таңдауда қажет болатын кеңестер ұсынамыз.

1.UVA мен UVB-дан қорғайтын көзілдірік іздеңіз

А (толқын ұзындығы 320-400 нанометр және толқын ұзындығы 290-320 нанометр) типті күн сәулелері көзге зиянын тигізеді. Сондықтан жақсы күннен қорғайтын көзілдіріктің заттаңбасында "100% UVA мен UVB-дан қорғайды" деген жазу болу керек.

Кейде өндірушілер "UV 400-ден 100% қорғайды" деп жазады. Ол линзалар 400 нм-ге дейінгі сәулеленуден қорғайды дегенді білдіреді, ал ол толқындар – UVA мен UVB. Сондықтан ондай көзілдіріктерді де алуға болады.

2. Жасанды түрін алмаңыз

Олар мәлімделген стандарттарға сай болуы да, болмауы да мүмкін. Оны тексеру мүмкін емес, сондықтан көзді күннен қорғау 50/50 болады.

3. Әйнек – қауіпсіздік кепілгері емес

Әйнектің өзі күн сәулесінің бір бөлігін ғана ұстайды. Ол толықтай қорғауы үшін оған қосымша фильтр қапталады. Пластикалық көзілдірікке де қорғаныш қаптама салынады. Сондықтан материал туралы ойламаңыз, өзіңізге ыңғайлысын алуға болады.

4. Көзілдірікке қаржыны үнемдеуге болады

Көзілдірікті қауіпсіз ететін технология қымбат тұрмайды. Зерттеулер бойынша, қазір қарапайым көзілдіріктің өзіне ультракүлгін сәуледен қорғайтын фильтр салынған.

5. Түс маңызды емес

Қызғылт-сары мен сары линзалар, көк пен күлгін түске қарағанда шынымен де жақсырақ қорғайды. Алайда айырмашылық онша көп емес.

Бірақ максималды ыңғайлылық маңызды болса, түс туралы ойланған жөн. Сұр, жасыл және қоңыр линзалар қабылдауды аз бұрмалайды. Олар көзге арналған ең ыңғайлылары болып келеді. Ал алқызыл, қызыл және сары көзілдіріктер көзді талдыруы мүмкін.

6. Көзілдірік пішіні маңызды

Үлкен көзілдіріктер таңдаңыз. Олар көзді тек алдынан емес, жанынан да жауып тұруы керек. Солай көзді толық қауіпсіздікпен қамтамасыз етесіз.

А. Жапатова