Көпшілікпен тіл табысудың тәсілдері

Көпшілікпен тіл табысудың тәсілдері

Кімге де болсын, қай ортаға түссе де көпшілікпен тіл табыса білудің маңызы зор. Ортаға жұғымды болу үшін мынадай жайттарды есте ұстасаңыз ұтылмайсыз:

 Өзге адамдарға мән бере қараңыз. Мүмкіндігінше жиірек жымиған артықтық етпейді. Бұл кем дегенде өзіңіз жайлы алғашқы жағымды көзқарас қалыптасуына жағдай жасайды.

 Адаммен әңгімелескенде оны мұқият тыңдауға тырысыңыз. Әсіресе, ол өзі туралы айтқанда қызығушылық танытып қойыңыз. Бұл сіздің жақсы сұхбаттас болуыңызға ықпал етеді. Сұхбаттасыңыздың өзінің орнын сезінуіне жағдай жасаңыз. Мұның бәрін жасандылықпен емес, шынайы жасауыңыз керек.

► Егер өзіңіз жүрген ортадағы адаммен әлденеге келісе алмай қалсаңыз, онда айтысып-тартысып әуре болмаңыз. Өзгенің көзқарасы мен пікіріне үзілді-кесілді қарсы шықпаңыз. Оны сыйлай біліңіз. Оған сенікі дұрыс емес деген сөзді баттита айтпаңыз.

 Егер өзіңіздікі дұрыс болмаса, оны шын пейіліңізбен мақтағаныңыз дұрыс. Сұхбат кезінде өзіңіздің достық пейіліңізді бірінші болып сездіріңіз. Сұхбат­тасыңыздың сөздеріңізбен келі­суіне мән беріңіз. Ол бірінші болып «иә, иә» деп келісіп жатса, жарты шаруаның біткені.

 Сұхбаттасыңызға көбірек сөйлеу­ге мүмкіндік беріңіз. Бұл сізге онымен бірлесе жұмыс істеуге жол ашады. Кейбір жағдайларда өзіңізді сұхбаттас­тың орнына қойып та үйреніңіз. Сонда оны жетігірек түсінесіз.

 Өзгелердің ойы мен тілегіне мән бере қараңыз. Ізгілік жасауға ұмтылыңыз. Өз жоба-жоспарыңызды іште бүкпей, сыртқа шығарыңыз.

 Өзге адамның қателігін көрсеңіз оны бірден лақ­ еткізбей, бірінші кезекте оның артықшылықтарын шын пейіліңізбен айтып, мақтай келе, жанамалай жеткізіңіз.

Әрине, біреуді сынамас бұрын өз бойыңызда сол кемшіліктердің бары-жоғын бағамдап, бар болса жойып алғаныңыз абзал.

...Жалпы, ортаға ұнамды болу үшін көптеген нәрселерді есте ұстай жүру, мұқият болу керек.

Дереккөз: zamana.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Коронавирустың ұзаққа созылған ағымы
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Мариана шұңғымасына қатысты қызық деректер
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Гаэтале – жер бетіндегі ең тұзды көл
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді