Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ұшақта денсаулығыңызды сақтау: 7 лайфхак

Ұшақта денсаулығыңызды сақтау: 7 лайфхак

Ұшақта денсаулығыңызды сақтау: 7 лайфхак

Ұшақтар қауіпсіз болғанымен, денсаулыққа жағымсыз әсер ететін жағдайлары бар. Төмен атмосфералық қысым, оттегі жетіспеушілігі, құрғақ ауа, отыру қалпы, басқа жолаушылармен тығыз байланыс – бұлардың барлығы денсаулыққа әсерін тигізбей қоймайды. Оларды азайтудың жолын қарастырайық.

1. Көп мөлшерде су ішу

Ұшақта ауа өте құрғақ – 20% ылғалдылық жердегі 40-70%-ға қарсы тұрады. Сондықтан ағза қатты сусызданады. Ұшақта көбірек су ішіңіз және өзіңізбен бірге ылғалдандырушы крем алыңыз.

2. Алкогольден бас тарту

Спирт ағзаны сусыздандырады, сондықтан ылғал жетіспеушілігінен одан бетер қиналасыз. Оған қоса, басыңыз да ауырады.

3. Қыспа шұлық (компрессионные чулки) кию

Ұшақта бір орында қозғалыссыз ұзақ отыру керек, ал ол өз кезегінде көктамырлық іркіліске әкеледі. Дәрігерлер терең көктамырлардағы қан ұюының қаупі туралы ескертеді. Бұл ауру өлім саны бойынша инфаркт пен инсульттен соң үшінші орында тұр екен. Ұзақ ұшу кезінде аяқтағы қанайналым бірден әлсізденіп, қан ұю мүмкіндігі жоғарылайды. Қауіп-қатер тобына аяғында жарақаты бар және қанның ұюы бұзылған адамдар жатады. Арнайы қыспа шұлықтар бар, олар көктамырлық іркілісті азайтады. Ұзақ ұшу кезінде арасында орныңыздан тұрып, әрі-бері жүрген дұрыс.

4. Әуежайға ертерек келу

Салонның орталық бөлігінде ауа тазалау және аяққа көбірек орын бар. Егер авиакомпания сізге таңдау құқығын берсе, апаттық шығар есік жағынан орын сұраңыз. Алайда, әуежайға ертерек келу керек болады, себебі ол жерлерді көпшілік бірінші алып қояды. Егер ол жерлерде бос орындар қалмаса, өтетін жерден орын қараңыз. Бұл жерден оңай тұрып, басқаларға кедергі келтірмей шыға аласыз.

5. Құлақты сақтау

Ұшу және қону кезінде қысым өзгерісі болады, сондықтан құлақ бітеледі. Кәмпит сорыңыз, кеңінен есінеңіз немесе Вальсальв әдісін қолданып көріңіз: терең тыныс алып, мұрныңызды қысыңыз, аузыңызды жауып, тыныс шығаруға тырысыңыз.

6. Қауіп-қатер тобында бар-жоғын тексеру

Жүрек мәселесі, тамырлар аурулары, тыныс алу мен көз аурулары, жүктілік және жақын арада босану (бір аптадан аз), қолқа аневризмасы, гормонды дәрілер қабылдау, қан айналымының бұзылуы және бас сүйек ішіндегі жоғары қысым – бұл ұшақта денсаулығыңызға екі есе мұқият қарайтын тізім себептері. Бұл жағдайда дәрігермен алдын ала кеңесіп, дәрілеріңізді дайындап қойыңыз.

7. Тамақтану үлесіңізден «дұрыс емес» тағамдарды алып тастау

Әуеде қыжыл, асқазанның бұзылуын және іштің кебуін тудыратын азық-түліктер бар. Ол туралы мына жерден оқи аласыз.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 02 мамыр 2018, 09:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.