Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

Келесі аптаның 7 ісі

1. Көктемге аз ғана уақыт қалды. Табиғатпен бірге адамдар да құлпырып жүруге тырысады. Сондықтан, дайындала бастаңыз! Қыстан кейін бірнеше келі салмақ тастау ешкімге артық етпейді. Массагетке қосылып, бізбен бірге онлайн режимінде арықтаңыз. Толығырақ мына жерде.



2.  Қазіргі кезде скайп бағдарламасын екінің бірі қолданады. Скайпты ана тілімізде пайдалана алмай жүрсіз бе? Қам жемеңіз! Скайпыңызды қазақшалаңыз! 

3.  Сәнді болыңыз! Күн сайын ерекше болу түк те қиын емес. Күнделікті шашты жеңіл сәндеу үлгілерімен танысыңыз. Толығырақ мына жерде. 

4. Біздің белсенді қолданушыларымыздан үлгі алып, бізге материал жіберіңіз. Мысалы, Мақсат мұғалім, АКА, Лаура, Айнара және Мөлдірдің материалдары сайтымызда жарияланып үлгерді. Айтпақшы, соңғы қолданушы жіберген ас мәзірі бойынша, келесі аптада  орамжапырақ  мәзірін дайындауды ұмытпаңыз. 



5. Қыстың соңғы айы зымырап өтіп барады. Даланың үскірік аязы мен көшенің аппақ қары таудан шанамен сырғанаудың үлкен мүмкіндігі. Қапы қалмаңыз! Демалысыңыз сәтті әрі қызықты өтсін десеңіз, мына материалға көз жүгіртіңіз.

6.  Қазір оңтүстік-шығыс Азия елдерінің тағамдары өте танымал. Таяқшалармен тамақтануды үйреніп, сүйіктіңізді жапон, корей, тай мейрамханасына шақырсаңыз болады. Жұбыңыз бұл өнеріңізге таңдай қағары анық, сондай-ақ  ғашығыңызға таяқша ұстауды үйретіп, көңілін табарсыз деп үміттенеміз. 

Таяқшамен жеу - нағыз диета десек болады.

 Сондықтан қыздар қауымына таяқшамен тамақтанып үйренген өте пайдалы: азырақ жесеңіз, тойып қаласыз. Таяқшаны дұрыс ұстаудың қыр-сыры мына бейнебаянда! 


7. Көптен бері көріспеген достарыңызбен кездесіп, демалып қайтыңыз. Мысалы, караоке барға барып, айғайлап ән салып, әбден сергіп алыңыздар!



Сурет hombiz.ru сайтынан алынды.

2550 13
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 ақпан 2012, 16:16
Тегтер: жаднама,
Пікірлер
+0
03 ақпан 2012, 16:33

алақай, жаднама!

+0
03 ақпан 2012, 16:33

Соңғы пунктті орындау керек боп тұр)

+0
03 ақпан 2012, 16:34

бүгін орындаймыз ))

+0
03 ақпан 2012, 16:34

Ал мен біріншісін орындауға уәде беремін!

+0
03 ақпан 2012, 16:36

Енді әсерлеріңмен бөлісіп, жазып жүр. Қалай өтіп жатыр? Кешке қарның аша ма?

+0
03 ақпан 2012, 17:01

Ертеңнен бастайм)))))

+0
03 ақпан 2012, 18:25

Сізге не жоқ=))))) қамбақ қыз болып қалмасаң болды)))) ал мен 6-ны пунктті үйреніп көрермін

+0
03 ақпан 2012, 23:48

Іске сәт! екеумізге де

+0
03 ақпан 2012, 16:58

Сиз біріншісін орындамаяк оте адеми сулу кызсыз))))

+0
03 ақпан 2012, 17:01

Рахмет, Неизвестно))))

+0
03 ақпан 2012, 17:01

Мен ештеңеге уәде бере алмаймын((((

+0
03 ақпан 2012, 17:01

Бірақ, орамжапырақ мәзірін дайындап көруге болады

+0
03 ақпан 2012, 17:02

Дұрыс!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...