Үйдің көгерген қабырғасын тазалау

Үйдің көгерген қабырғасын тазалау
Фото: detboxfon.ru

Керегесі айнадай жарқыраған жаңа үйде тұрғанды барлығы да жақсы көреді, алайда жаңа үйдің өзі ескіріп, керегелерінің көгеріп жататын кездері де аз емес. Әдетте дымқыл тартып, жасыл, қара, қызғылт түсті дақтарға боялады. Түстерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың пайда болу себебі бір. Өздеріңізге осы дақтардан арылу жолын ұсынамыз.

Зең (плесень) кез келген үй құрылысына қажетті материалдарға, тіпті, бетон, тас, бояу секілділерге зақым келтіреді. Зеңнің пайда болуы үйді салған кезде құрылыс материалдарын дұрыс пайдаланбаумен тікелей байланысты. Бұл материалдың жоғары ылғалдығы, жаңбырдың тиюі, ас бөлмесі мен жуынатын бөлмеде ауа айналымының дұрыс еместігі, пластикалық терезелердің дұрыс орнатылмауы, күн көзінің жетіспеуі болуы мүмкін.

Көгерген керегелерді ретке келтіру

Зиянкеспен күреспес бұрын, оның бұл әрекетті жасаудағы себебін біліп алғанымыз дұрыс. Оны толықтай жойып жіберу мүмкін болмаса да, керегедегі дақ басқан бөліктерге жайылып кетпеуін антисептика дәрілерін қолдану арқылы тоқтатуға болады. Зеңге қарсы арнайы сұйық құралдардың түрі көп. Олар керегеге тез сіңіп, қайта пайда болмауына әсер етеді. Антисептик дәріден өзге терең қабатына дейін сіңетіндей етіп, тегістеп сырлауға болады. Ол материалдың табиғи түсін қайтарып, ауа айналымын ретке келтіреді.

Зеңді болдырмау

Жыл сайын күн көзі көп түспейтін бөлмелеріңізді желдетіп, кептіріп, құрамында зеңге қарсы қоспасы бар құралдармен өңдеп отырыңыз. Үй салу бақыты бұйырып жатса, қымбат бағасына қарамастан сапалы материалдар таңдағаныңыз жөн.

Күн сайын үйіңізді желдетіп, жаңадан көгерген жерлерді сірке суымен немесе сутек тотығымен сүртіп отырыңыз.

 

Г. Берік