Арнау өлеңдер топтамасы

Арнау өлеңдер топтамасы
Фото: friendsmg.com

Арнау өлеңдерді күнделікті пайдаланмыз. Қырық жас, алпыс, жетпіс жас мерейтойларда бұл өлеңдердің керек екені анық. Сондықтан сіздерге жаттанды емес, өзгеше ұйқас, іздесе бірден табыла бермейтін ерекше арнау өлеңдерін топтамасын ұсынып отырмыз.

60 жас арнау

«Өнер» десе ішкен асын беретін,

Қара терін халық үшін төгетін.

Шәкірттерін сүйетұғын жанындай,

Шәкірттері ұстаздан бақ көретін.


Қос ішектің пернелерін басқанда,

Ән әуелеп құс ұшатын аспанда.

Өнер үшін әлі еңбек етуде,

Жарты ғасыр ғұмырынан асқанда.

 
Мәдениет қайраткері елінің,

Болат алмас жарқылындай жерінің.

«Өнер» десе төккен тері тұп-тұнық,

Тектілігі тартып туған тегінің.

 

Бүгін алпыс ертең тоқсан жеткенде,

Атағыңыз астасады көкпенде.

**** ағай қартайыңыз марқайып,

«Өнер» дейтін баға жетпес шекпенде.

 **************

Бас алмайтын талабым бар еңбектен,

Қонағым көп үйіме кеп төрлеткен.

Сыйым сабыр, мен анамын әлемді,

Содан кейін бесігіңді  тербеткен.

 

Қуаты бар менің сүйген жарымның,

Өзі де сол көзі де сол арымның!

Ұрпағым бар ұжымаққа апарар,

Ашылғаны осы емес пе бағымның.

 
Інжуім бар іліп алар өнерді,

Балаларым жақсы айтады өлеңді.

Сәбилеріп Алла берген алтыным,

Қыздарым бар орным солай төр енді.

 
Айналайын ақ маңдайлы аналар,

Аналарды әлем тұрып бағалар.

Мен де анамын менің де бар анашым,

Оларды асып кім жақсыны табалар.

 
*** ана мен боламын ағайын,

Оңнан тусын күн шуақты арайың.

Бүгін дода үміттерді ақтайын,

Топтың ішін дараланып жарайын!

**************

Көктемді  жадыратып жанарыңмен,
Дүние төсіне ашып аларың кең.
Сол кеңдік маған дауа беретіндей,
Махаббат түндеріне қарадым мен.

Арыла алмай көңіл алып күштен,
Сен бердің сәуле толы жарықты іштен.
Көктемнің  айында жарық етіп,
Жұлдызды көзім шалды ағып түскен.

Сұлулық жаратар ма бұлай текті,
Ай-ана ақ сәулесін жылай төкті.
Ағыны ырық бермей жұлдыз екеш,
Кеудеме әлсіз ғана құлай кетті.

Көзімді торлап сәуле ұшқынымен,
Кеудемді қарып барад ыстығымен.
Құдірет! Жарық төккен жұлдыз емес,
Ару ғой! Ыңырсыған ышқынып ем...

Сан жаққа тарап кетті санам неге,
Арылтып колдан оны алам деме.
Айдан ба туған тәні аппақ арай,
Әлі де нұр шашып тұр жалаң дене.

Махаббат ішер болсаң уы шыңда,
Ал, балы кеудеңнің қақ қуысында.
Аспанның бір жарығын қандай бақыт,
Үнемі ұстап жүрсең уысыңда!

Жігіт сұлтаны арнау

Қазақтың баласымын тегі бүтін,

Елі бар жасайтұғын ер үгітін.

Жігіттің сұлтаны боп келіп тұрмын,

Ақтсам деп алдыңда ел үмітін.

 
Түскенде аламанда терге құлан,

Теңгеңді теріп жүріп жерден жұлам.

Ат құлағы  ер астында ойнақтаған,

Ұлыңмын өзің ерке Еркебұлан****.

 
Қошемет болсын онда батыр ұлға,

Көнбені бұзам түбі, ақырында.

Әкемнің тәрбиесін алдым қатал,

Анамның алдым арын жатырында.

 
Көрсетер күнді мейлі бағым айды,

Жігіттен жеті өнер де арымайды.

Шынашақтай болсам да сынға түстім,

Ағайын, күш атасын танымайды.

 
Әлі де асу асып жетер едім,

Жарыста топты жарып өтер едім.       

Көрермен мені қолдап отырсаңдар,

Сендерді төбеме алып көтеремін.

 
Егемен елдің іші азатпыз ғой,

Бөлінбейік біз өзі азақпыз ғой.

Қайтеміз, танысқанда руға бөліп,

Бәріміз бір атадан – Қазақпыз ғой!

 

40 жас мерейтойға арнау

 
Қырқасына көтеріліп қырықтың,

Ісін жасап ұлы жолда ұлықтың.

Әкеңізден Ембергендей*** елеулі,

Жүгін артып жүрсіз бүгін бір ұлттың.

 
Нарынқолдан үкілетіп түлеген,

Еңбекке тер, іске қолын білеген.

Бүкіл Албан***, Беснайзаның*** ертеңін,

Бір қазақтай ата тек деп тілеген.

 
Ел деп тозып, тістеліп те бармағы,

Жұртына адал ниетімен қалмағы.

Даниял*** мен Темірлан*** бар, Рамазан***,

Үш ұлыңыз келешектің тармағы.

 
Қырық жаста арландай боп арсылдап,

Сексенге кеп тұрыңызшы тарсылдап.

Тоқсан жасты жастық шағым қандай деп,

Жүзге келіп отырыңыз қалшылдап. 

 

Ескертпелер: *** – белгі тұрған жерге атыңызды не руыңызы көрсетіп, өзгертуге болады. 

 

М. Ақан