Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ит те ауа райы жайлы "айта" алады

Ит те ауа райы жайлы "айта" алады

Ит те ауа райы жайлы

Адам баласы ежелден алдағы ауа райының қандай болмағын төрт түліктің, үй жануарларының кей әрекеттеріне қарап-ақ болжай білген. Мысалы, қыста қойды ерте өріске айдар кезде, егер сол күні ауа райы суытар болса, олар сыртқа шыққысы келмей, мазасызданады екен. 

Мұндайда жылқының жүні үрпиіп, жайылымға шығуға зауқы соқпай тұрса да жұрт күн суытады деп болжаған.

Сол сияқты, адамның «төрт аяқты досы» – иттің де ауа ра­йын «болжай» алатынына көз жеткізілген. Бұған қатысты адамдар мынадай жайларды аңғарыпты: Ит шөлдемеген жағдайда да қар жей бастаса немесе қарға аунауды жиілетсе, онда таяу арада боран көтеріледі не қатты аяз қысады.

Жалпы, иттің қыс маусымында көңіл-күйі пәс тартып тұрады екен. Сондықтан мүмкін болса оны серуендетіп, еркіндікке шығарып тұрған жақсы. Мұндай кезде күн суытатын болса, иттің өзі-ақ бұл жөнінде сізді жоғарыда аталғандай әрекеттерімен «ескертеді». Ал егер есі шыға ерсілі-қарсылы шапқылап, қуанса, бір-бірін қуа­лап ойнаса, онда күн жылы болады дей беріңіз. Сол сияқты, ол жайбарақат, шалқалай жатып керілсе де күн жылы болады.

Ал енді ит дөңгелене жатып, құйрығын жастанып, оған тұмсығын тығып жатса, онда алдағы уақытта қатты суық, аяз болады. Тамақты аз жеп, көп ұйықтаса да ауа райы бұзылады екен.

Ит шалқалап жатып, әрі-бері аунаса, онда жел тұрады, ал қардың үстіне жатса, боран көтері­леді. Арқасымен сырғанаса, онда қатты аяз болады. Ал күн тынық болып, қар мол жауатын кезде ит босаңсып, «маубастана» бастайтын көрінеді.

Жалпы, иттің иіс сезу, есту органдары жақсы дамыған. Сондықтан ол ауа райы құбылыстарын алдын-ала сезіне алады. Ғалымдар осындай тұжырым жасаған. Сол себепті ит табиғи апаттарды да алдын-ала сезініп, мазасы қаша бастайды екен. Мұн­дай­да ол өзіне қауіпсіз жер іздейді, тіпті иесінің қойнына кіріп кетуге де әрекет жасайды деседі.

...Міне, иттің осындай да ерек­шеліктері бар екен.

Дереккөз: zamana.kz

0
Рейтинг: +0

Фото: tobet.kz
Қосылған күні: 30 желтоқсан 2017, 19:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.