Бабын таптырмайтын адамға не сыйлауға болады?

Бабын таптырмайтын адамға не сыйлауға болады?
Фото: Visti.pro

Жаңа жыл жақындап қалды. Ал сіз жақындарыңызға не сыйлайтыныңызды білмей жүрсіз бе? Ендеше кеңесімізге құлақ түріңіз.

Бір басында өзіне қажеттінің бәрі бар адам

Мұндай адамға арнайы жасалған сыйлықтар беруге болады. Мысал үшін өзінің есімі жазылған мойын орамал, алқа, хоббиін.

Қатал басшы

Көп дүниеге көңілі тола бермейтін мұндай адамға жақсы шарап, шай ішетін шыныаяқ сыйлауға болады. Әйел басшы болса спа-салонның сертификатын, ер басшы болса саунаға баратын сертификат беріңіз. Себебі олар әбден шаршаған.

Ештеңені қажет етпейтін адам

Ештеңеге қызықпайтын, сыйлыққа назар аудара қоймайтын адамға хоббиін сыйлаңыз. Демалыс орындарына сертификат беріңіз.

Оқытушы

Оқытушыларға түрлі тәттілер, хош иісті әтірлер сыйлауға болады.

Жаңа серіктес

Мұндай серіктеске бірегей немесе әмбебап сыйлық берген жөн. Қысқы киімдер, аксессуарлар болуы мүмкін.

Тұрақты серіктес

Өз қолыңызбен ерекше сыйлық жасап көріңіз. Қасыңызды ұзақ жүрген адам сіздің бұл ниетіңізді жоғары бағалайды.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Ө. Сансызбай