Бөлме өсімдіктерінің пайдасы қандай?

Бөлме өсімдіктерінің пайдасы қандай?

Гүл өсіру машақатын білгісі келіп, редакциямызға хабарласатын оқырмандарымыз көп. Дегенмен, гүлсүйер қауым бөлме гүлінің пайдасы бар екенін білмейтін сияқты. Ендеше қай гүлдің қандай пайдасы бар екенін біле жүріңіз.

Хлорофитум – ең пайдалы бөлме гүлдердің бірі. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Жапырақтары уытты заттарды жұтып, ауаны тазартады. Мамандар бұл гүлді, әсіресе, ас үйде және жатын бөлмеге қоюға кеңес береді.

Ала жапырақты хлорофитумды жарық мол түсетін жерге қою керек. Ал, жасыл жапырақтысы көлеңкеде де өсе береді. Құрғақ, ыстық ауада жапырақтарының ұшы қоңырқай тартып, қурап кеуі мүмкін. Сондықтан да су бүркіп тұруды ұмытпағаныңыз жөн. Бұл гүл жазда жиі, қыста сирек суғаруды қажет етеді. Әдемі жапырақтыларға арналған тыңайтқышпен көктемнен күзге дейін екі аптада бір рет қоректендіру қажет.

Хамедорея – пальма ағашының ең ірі түрі. Оның жүзден астам түрі бар. Мамандар бұл гүлді тас жолға жақын маңда орналасқан үйлерде өсіруге кеңес береді. Өйткені, хамедорея тас жолдан және мәшинелерден бөлінетін бензол, трихлорэтилен сынды зиянды заттарды жұтады. Үй жағдайында хамедореяның Мексика мен Гватемалада өсетін түрлерін өсіреді. Бұл хамедореяның биіктігі 2 метр, әр сабағында алты-жеті, қанат тәрізді жапырақтары болады. Хамедорея үй жағдайында өсіруге өте ыңғайлы өсімдік, көп күтімді қажет етпейді, бірақ баяу өседі. Жаз кезінде оны балконға немесе аулаға шығарып қою қажет. Тек өткір күн сәулесінен және желден қорғау керек. Жазда жиі, қыста сирек суғарылады. Наурыз-тамыз айларының аралығында сұйық тыңайтқышпен қоректендіруді ұмытпағайсыз.

Қазтамақ – бөлме гүлінің 280 түрі бар. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың емдік қасиеті болғандықтан, оны дәрі ретінде қолдануға да болады. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, буын мен бұлшық еттің ауруы мен сегіз көзді емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі. Мамандардың пайымдауынша, қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс болмайды екен. Ал, ұрыс бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөлу арқылы, ұрысып қалғандардарды тез татуластырады екен. Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады. Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет.

Сансевиерия – бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды. Күн көзінде де, көлеңкеде де өсе береді. Жылына 2-3 рет қайта отырғызуды ұмытпағайсыз. Жаз айларында жиі, қыс мезгілінде сирек суғару қажет.

otyrar.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы айтады
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
"Алматы жартылай марафоны - 2020" онлайн форматта өтеді
Зерттеу: Перфекционист ата-аналардың талабы тым жоғары болады
Зерттеу: Перфекционист ата-аналардың талабы тым жоғары болады
Боксшы Бобыржан Момынов: Әр адамның өз әлсіз тұсы бар
Боксшы Бобыржан Момынов: Әр адамның өз әлсіз тұсы бар
Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?
Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кім?