Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Тіл тағдыры: «батя» мен «мам»

Тіл тағдыры: «батя» мен «мам»

Тіл тағдыры: «батя» мен «мам»

Тіз тазалығы ұлт үшін ең маңызды рөл атқаратын мәдени қарым-қатынас. Өз ана тіліңде таза сөйлеу, ешбір қоспасыз, кірме сөздерсіз сөйлеу ұлттың тіліне деген құрмет. Қазақ тілінің жағдайы мәз емес деп айта алмаймыз. Себебі демографиялық жағдайда енді өсіп келе жатқан жас мемлекеттің тілі, сол ұлттың көп таралу аймағына қарай қалыптасады. Қазіргі кезде тіліміздің шүлдірленуі азайып, барынша мегаполис қалаларда қазақ тілінде таза сөйлеуге тырысып жатыр, бірақ бұл әлі нәтиже емес.

Қазақта «сөз киесі» дейтін мәні терең, үлкен аталы сөз бар. Тегінен сөзге тоқтап, дау мен соғыстың бетін қайтарған осы сөз. Өкінішке орай киесі барын біле тұрып, киелі сөзді, соның ішінде кие дейтін атауға лайық атауларды кірме сөздермен ластап жүрміз. Бір сөзбен айтқан кезде бұлай сөйлеу мода.

Қазақ тілінде «әке» дейтін сөз бар. «Әке» деген үш-ақ әріптен тұратын сөзді түп тамырымен негізі сіз ойлағаннан да тереңде жатыр. Қазақ дәстүріне сай әкенің рөлі, оның тәрбиесі мен мінезі және болмысы ерек. «Әке – асқар тау», « Әкенің берген тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» дейтін аталы сөздердің қалыптасуы сол сөзді жасап тұрған образдың ерекшелігінде. Ал біз осы бір киелі сөзді «батья» деп қысқартамыз. Жоқ қазақ тіліндегі қысқартуы емес, орыс тілінен енген сөздің қаңсығы. Қазіргі жастардың ауызынан «әке» деп шақыратын қаратпа сөзден гөрі, «батья» дейтін сөзді көп естиміз. «Ә» әрпіне тілі не икемі келмеуден де емес, бұл солай атауды қызық көретін баланың әрекеті немесе оның әкесі әкесін «батья» деп атаса керек, қалыптасып кеткен. Посткеңістік, совет үкіметі дейтін түсініктердің санада қалуы үлкен қауіп. Сондықтан барынша төл тілге тілді сындыру керек және икемдеу маңызды.

«Ана» дейтін ұлы сөзді «мам» деу сіз ше дұрыс па? «Шеше» деп шақырса анайы деп санайтын, дәстүрлі төл тілдегі ең керемет «шеше» сөзін де ластап біттік. Түсінікті өзгертіп жібердік. Бұл қасірет емес пе? Есіктен кіріп «Шеше шай дайын ба?» деп сұраудан гөрі, «Мам, шай дайын ба?» деу жастар үшін жеңіл әрі ерекше естіледі. Ал бұған құлақ үйреткен ата-ананың «қой» деп айтуға шамалары жетпей ме? Тәрбие түгілі, ертең ел азаматы болатын ортаны қоғам емес, отбасындағы, ошақ қасындағы әңігме өсіреді. Ендеше анаңызға «мам» дегенше «шеше» дегеніңіз әлдеқайда дұрыс жол болар еді.

9
Рейтинг: +1

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: egemen.kz
Қосылған күні: 12 қараша 2017, 17:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.