Қызықты сұрақтар

Қызықты сұрақтар
Фото: SeoProfy

Кейде адаммен сөйлесіп отырғанда қандай әңгіме бастарыңды білмей қалатын кездер болады. Ал кейде бір сұрақтан бір сұрақ туып, тоқтай алмай сөйлейтін сәттер де болып тұрады. Бірінші айтылған жағдайда қандай сұрақтар қою арқылы сөз бастауға болады.

Әлдебір жаққа кетіп қалып, жаңа өмір бастағың келетін кез болды ма? Ол қай жер?

Кез келген нәрсені жарты сағатта үйреніп алуға мүмкіндік берілсе, не үйренер едіңіз?

Қандай тілдерде еркін сөйлегіңіз келеді, не себепті?

Егер өміріңіздің соңына дейін жететін ақша беріліп, жастығыңыз сақталып қалады бірақ жеке өміріңіз болмайды, ешкіммен жақын қарым қатынас құра алмайсыз десе, қайсысын таңдар едіңіз?

Сіз басыңызбен беріліп, "шыға алмай" қалған компьютерлік не басқа да ойындар бар ма?

Қандай нәрсеге көзді жұмып тұрып миллиардты жұмсап жіберуге болады деп ойлайсыз?

Виртуалды байланыста ұзақ сөйлесіп, арада көп уақыт өткеннен кейін қарапайым өмірде кездескен досыңыз болды ма? Қандай сезімде болдыңыз?

Ең алғаш біреуге көзіңіз түскенде, ол сізге қандай көзқараста болды?

Соңғы рет қандай жағдайға даусыңызды шығарып, айқайлап тұрып күлдіңіз?

Белгілі бір жаста мәңгілік қалып қоюға мүмкіндік туса, неше жасыңызды таңдар едіңіз?

Ғашық болып, не істеп не қойғаныңызға жауап бере алмайтындай жағдайға жетуден қорқасыз ба?

Қандай ауа райы жанға жайлы?

Өміріңізді онсыз елестете алмайтын дүние бар ма?

Сізді атақты адамдарға ұқсататын кез бола ма?

Өмірдегі ең жаман жағдай жақсылыққа әкелген кез есіңізде ме?

Лақап аттарыңыз қандай?

Бір кездері жек көріп, қазір жақын досыңа айналған адам бар ма?

Неше жасқа жеткенде ересек адам екеніңізді түсіндіңіз?

Ұнаған сұраққа жауапты пікір ретінде қалдырсаңыз болады.

@. @assel_assanova