Қазіргі «құлдық» түрлері қандай?

Қазіргі «құлдық» түрлері қандай?
Фото: myslo.ru

Құлдық сана тегінен бар. Құл болудың өзі сонау қара нәсілділердің заманынан да әрігеректен бастау алатын түсінік. Кезінде құлдар қожайындарына қызмет жасауға міндетті болған. Ал бүгін ше?

Кредит карталары 

Ай сайын алатын айлығыңыз – 50 мың теңге. Бірақ сіздің қалтаңызда банкке төлеу керек екі бірдей кредит картаңыз бар. Айына сіз кредитті жабу үшін екеуіне отыз мың теңгеден алпыс мың теңге саласыз. Ал сіздің жалақыңыз елу мың теңге. 

Қалағаныңызды ала алмайсыз, жегіңіз келген қымбат тағымнан бас тартасыз, отбасының көңілін таба алмайсыз, өзіңіз болып өмір сүре алмайсыз. Себебі сіз кредиттік картаның құлысыз. Ол сізге бұйырмайды, сөйлемейді, бірақ сіз бағынасыз. Ал бағынбасқа амалыңыз бар ма?! 

Көліктер 

Бұрын қоғамдық көлікпен жүрдіңіз. Оның ішінде: автобус, метро, арасында такси. Ал қазір сіз көлікті болдыңыз. Бірақ көлікті де ләззатпен айдай алмайсыз. Себебі соғып алсаңыз шығынға батасыз. Ал батқан шығын сіздің жалақыңыздан көп болса, ойланыңыз, сіз берешекке алған көліктің ай сайынғы төлемін жасайсыз ба әлде көлікті жөндетесіз бе? 

Шама келсе қол жетімді көлік алып, соны да қанағат тұтып, қалған ақшаны жинап өмір сүрсеңіз, арысы екі-үш жыл ішінде ешқандай қарызға кірмей жақсы көлік алар ма едіңіз. Бірақ сіз ендігі құл болып қала бермексіз. 

Ұйқысыздық 

«Жұмыс, жұмыс» деп таңның атысынан кештің батысына дейін еңбек етесіз. Демалу деген түсінік жоқ. Робот болып қалғансыз. Күніне 4-5 сағат қана ұйықтап, қайта жұмысқа кіресіз. Сіз жұмыстың құлысыз. 

Өмірде бір сәтке өзіңіз үшін уақыт бөле алмасаңыз, денсаулықты күтпесеңіз, адам ретінде өмір сүре алмасаңыз, сіз өзіңізді кіммін деп ойлайсыз? Әрине, қожайыны жоқ құлсыз. Жұмысқа жегіліп, беріліп кеткеніңіз сонша, тіпті дос-жаран мен туыс-туғандарды да ұмытып кеттіңіз. 

Қымбат бұйымдар 

Қалтаңыз қалың емес. Бірақ бай болып өмір сүргіңіз не жай ғана солай көрінгіңіз келеді. Сол үшін қымбат бұйымдар сатып аласыз. Ең жаманы алған затыңыз не жеуге, не киюге жарамайтын бұйым. Одан қала берді қалған ақшаңыз не анда, не мында жетпейді. Сіз тағы да құлсыз. Сатып алған көз тартарлық қымбат бұйымның алдында оған қараумен ғана отырсыз. 

Неге қарапайым болып өмір сүрмеске... 

М. Ақан