"Электронды лицензиялау" порталынан қандай қызмет түрлерін алуға болады?

"Электронды лицензиялау" порталы мемлекеттік пен жеке сектор арасындағы өзара ақпараттық байланыстың тиімді механизмін қамтамасыз ету құжаттары мен лицензиялау үдерістерін автоматтандыру мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл жоба Қазақстандағы сандық технологияны дамытып, ортақ элетрондық базаларды құру аясында жасалған.

"Электронды лицензиялау" платформасы жеке және заңды тұлғаларға онлайн қызмет көрсетеді. Олардың бірқатар артықшылықтары бар:

• Жеке немесе заңды тұлғаның кәсібіне қатысты құжаттары мен лицензияларының жарамдылығын тексеру 
• Жаңадан лицензияланған құжаттарды мемлекеттік органдарға электронды түрде өткізу 
• Жеке кабинетте электрондық құжаттарды сақтау 
• Орындалған қызметтер нәтижесін онлайн сақтау, қажет болған кезде алу 
• Электрондық өтініштерді қарау мәртебелері және мерзімдерін бақылау
• Лицензиялар және рұқсат құжаттарын алу үшін құжаттардың толық пакетін қоса беруді қысқарту
• Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жеке берілген өтініштердің барлығын қарау мониторингі

Электронды платформаның қызметін пайдаланған ел азаматтарының жасаған өтініштерін ескере отырып, 2017 жыл басынан ең көп сұралған онлайн қызмет түрлеріне тоқталып өтейік.

• Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту (64 680 қызмет) 
• Біліктілік категориясын иемденусіз маман куәлік (сертификаты) (46 030 сертификат берілген) 
• Жеке кәсіпкер ретінде іс бастау туралы ескертпе алу (45 271 қызмет) 
• Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру (15 834 қызмет) 
• Фитосанитариялық сертификат беру (14 752 сертификат берілді)