Атмосфера ма әлде ұрпақ әлсіз бе?

Атмосфера ма әлде ұрпақ әлсіз бе?
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Бала күніңізде есіңізде ме, доп қуып жүрген кезде шалынып құлап қалсаңыз, тізеңіз жарақат алып, қан кетіп жатса да мән бермейтін едіңіз. Тіпті топырақ өзі ем болар деп, жараның бетіне топырақ сеуіп, жүгіріп кете беретін едіңіз. Құлап қалсаңыз жылауды білмейтін, ойынға берілген бала едіңіз. Ал қазір ше?

Балаңыз жығылып қалса, тізесі жарақат алса көтеріп ауруханаға асығамыз. Одан қала берді түрлі химиялық дәрілерді пайдаланып, жараның ауызына апарамыз. Қызық, заман ауысты ма әлде ұрпақ әлсіз бе әлде атмосфера бұзылды ма? Себебі сол кезден бері келе жатқан топырақ сол топырақ. Бірақ улы секілді. Тіпті жара ұзақ жазылмай жүреді.

Екі жақты талдау жасайық: атмосфера бұзылған

Әлемде түрлі химиялық қарулар мен атомдық ядролық қаруларды сынақтан өтіп жатыр. Олардан түскен, қалған қалдық адамзатқа әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан болар тұрақты атмосфераның бұзылуы. Топырақ асты таза болғанымен, беті улы затқа толып тұр. Жығылсаңыз, жарақаттансаңыз болды бірден микроб түсіп, асқынып кетеді. Сондықтан қазір медицина көмегіне жүгінуге тура келеді.

Ұрпақ әлсіз. Себеп?

Қазір таңда үйден тұрақты тамақтанатын жастар да аз. Үлкен қалаға келіп жатқан түрлі дайын астар жас жеткіншектердің де ағзасын улап жатыр. Мәселен фастфудтар осы қатарға жатады. Ағзаға ешқандай пайда бермейтін дайын шала қуырылған астар дененің өсуін, сүйектің бекінуін әлсіретіді. Ал ата-ана болса баласы жыламас үшін бәрін алып беруге дайын. Осыдан келіп ұрпақ әлсіз, күш-жігері жоқ болып өседі. Құласа жылап, жара болса дәрі пайдалануға асығады.

Атмосфераға әліңіз келмесе де, өзіңізге әліңіз келеді. Дұрыс тамақтанаңыз! 

М. Ақан