Жұлдыз-жорамал: 07.08.2017-13.08.2017

Жұлдыз-жорамал: 07.08.2017-13.08.2017
Фото: pernenat.al

Өзіңізге, өз күш-жігеріңізге сеніңіз, өзгелердің кеңесін тыңдай жүріңіз, өз ойыңызбен салыстырыңыз.

Тоқты

20 наурыз – 19 сәуір

Апта басында уақытты мейлінше пайдалы етіп жұмсауға тырысыңыз. Осы уақыт аралығында маңызды шешімдерді сіз шығарасыз. Осы апта сіздің мақсатыңыздың жартысын орындауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сіз өз күш-қауқарыңызды сырттай бағалай аласыз. Демек, діттеген мақсатыңызға жете алатыныңызды да білесіз. Аптаның ортасында кикілжің туындауы мүмкін. Кез келген пікірге келісе кетпеңіз, өз ойыңызда қалыңыз.

Торпақ 

20 сәуір – 20 мамыр

Аптаның басы сіз үшін қолайлы өтеді. Алдыңызға қойған мақсаттарыңызға кедергілерге қарамай-ақ қол жеткізесіз. Жұмыс барысында келіспеушілктер туындайды. Бірақ оның сізге пайдасы тиеді. Аптаның екінші бөлігінде қиындықтарға тап боласыз. Кей Торпақтар дәл сол уақытта «Сордан көз ашпай қойдым» деп өмірге деген ренішін айтуы мүмкін, бірақ сіз олардың қатарынан табыла көрмеңіз. Берілмеңіз. Қаржыға байланысты маңызды шешімдерді алдағы аптаға қалдырғаныңыз дұрыс.

Егіздер 

21 мамыр – 20 маусым

Аптаның басында барлық мәселені еш кедергіге қарамай өз күшіңізге сеніп шешесіз. Бойыңыздағы энергияңыз апта соңына дейін сізді қуаттандырып отырады.шығармашылықпен де айналысып, жаныңызға рухани азық жинасаңыз болады. Уақытыңызды болмайтын қрыс-керіске, кикілжіңдерге жұмсамаңыз. Жүйкеңізді сақтаңыз.

Шаян 

21 маусым – 22 шілде

Бұл апта – сіздікі. Барлық мұңды ойларды, мәселелерді ысырып тастап, тек жақсылықты ойлаңыз. Бұл әдіс бойыңызда бұғып жатқан қасиеттеріңізді тысқа шығаруға көмектеседі. Тіпті бұл айналадағы адамдарға әсер етеді. Сізге ұнамайтын адамдар бұл қасиетіңізді ескеріп, сізбен тіл табысқысы келетін болады. Ал аптаның екінші бөлігі алғашқысына қарағанда әлдеқайда қызығырақ өтеді. Жаңа идея, жаңа жоспар сізді күтіп тұр.

Арыстан 

23 шілде – 22 тамыз

Бұл аптада қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ сіз мойымаңыз. Мұны шеше аласыз. Ол үшін осы аптаға жоспарыңызды дайындап қойыңыз. Сіз ойламаған жағдайдар болып жатса, өзіңізді психологиялық тұрғыда сабырлы ұстаңыз. Өзгелердің кеңесін жерге тастамаңыз. Өзгелер үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуды доғарыңыз. Бұл сіздің өміріңізге үлкен қауіп төндіреді.

Бикеш 

23 тамыз – 22 қыркүйек

«Бәрі жақсы болады» дегенге сене бермеңіз. Әрине, өзіңіз әрекет етпесеңіз, ештеңе де өнбейді.  Еңбек етіңіз, жауапкершілікті сезініңіз. Аптаның ортасы әлдеқайда сәтті өтеді. Көптен ойланып жүрген жоспарларыңыз жүзеге асады. Ал аптаның соңында жоспарсыз дүниелерге тап боласыз. Бұған себеп болғандарға алдағы уақытта ескертіп жүруді үйретіңіз. Себебі, бұл бір күні сіздің өміріңізге, мансабыңызға кері әсерін тигізеді.

Таразы 

23 қыркүйек – 22 қазан

Өте қолайлы апта. Дегеніңізге жетпей тынбайтын қасиетіңіз бұл жолы да сізде жеңіске жетелейді. Тек сәл сабырлылық танытыңыз. Бұл аптада мейлінше ашық бола түсіңіз, адамдармен жиірек араласаңыз. Аптаның аяғында тосыннан жұмысқа байланысты ұсыныс жасалса, болашақ туралы ойланып, шешімді дұрыс қабылдаңыз.

Сарышаян 

23 қазан – 21 қараша

Қиындықтарды ұмытыңыз. Шешілмейтін мәселелерді ойлап бас қатырумен уақытыңыз желініп жатыр. Одан да қаржылық жағдайыңызды ретке келтіріңіз. Ірқашан өз ойыңызды айтып жүріңіз, өз пікіріңіздің абрын көрсете біліңіз. Әр қадамыңызға жауап беріп үйреніңіз. Түйсіңізге сеніңіз. Соған қарап, алдағы қиындықтардан қашып отырасыз.

Мерген 

22 қараша – 21 желтоқсан

Аптаның басы өте сәтті өтеді. Жұмыстағы сұрақтарға жауап тауып, кикілжіңдерді біржақсы қылатын сәт келді. Үлкен мақсат қоюдан, тәжірибе жасаудан, тәуекелге барудан қорықпаңыз. Ал аптаның аяғында қатты шаршайсыз. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз, сәттілік сіздің жаныңыздан табылады, уайымдамаңыз.

Тауешкі 

22 желтоқсан – 20 қаңтар

Бұл апта қызықты оқиғаларға толы болмақ. Сол үшін де шаршайсыз, бірақ ләззатын ала біліңіз. Ешкімге уәде бермеуге тырысыңыз. Аптаның алғашқы күндерінде қарым-қабілетіңізді бағалай білуіңіз керек. Бұдан күш-жігеріңіздің ешқашан таусылмайтынын байқайсыз. Бұл тек кәсіби тұрғыдан емес, жеке қарым-қатынаста да білінетін болады. Бастысы, оптимисті көзқарастан арылмаңыз.

Суқұйғыш 

21 қаңтар – 18 ақпан

Бұл апта сіз үшін жеңіске толы болмақ. Осыған дейін жасаған еңбегіңіздің жемісін беретін сәт келді. Бұл аптада қызметте өзіңізді көрсетуге, маман ретінде танылуда, басшылықтың көңілінен шығуға мүмкіндік туады. Бәріне сабырлық қарауға тырысыңыз.

Балықтар

19 ақпан – 19 наурыз

Бұл аптада өміріңізде түбегейлі өзгеріс туады және бұл аяқ астынан болмақ. Қамқорлықты тек жұмыста ғана емес, үйде де көре аласыз. Көп жұмыстан қатты шаршауыңыз мүмкін, бірақ ол қуанышқа жетелейді. Жаңа адамдармен танысып та үлгересіз. Олар сізге бар сырын айтып, ашылғысы келеді. Ал қаржылық саласында барынша сақ болған дұрыс. 

Г. Берік