Бай болғыңыз келсе, білімді болыңыз

Бай болғыңыз келсе, білімді болыңыз
Фото: derzhava.today

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Білімнің салтанат құруы» тармағындағы айтылған әрбір ой мен талап қазіргі кезде үрдіс алған үлкен жоба деуге болады. Бұл дегеніміз елімізде қандай жас буын болмасын білім алуға деген барлық жағдай жасалған.  

Балабақша, мектепке дейінгі дайындық сабақтары, тіпті бір емес бірнеше түрі негізделген. Одан қала берді арнайы интеллекуталды қабілетті дамытатын мекемелер мен оқу орындары бар. Мектеп қабырғасында негізгі пәндерден бөлек ғылым мен өнерге бейімі бар балаларға да арнайы курстар, қосымша сабақтар қарастырылған. Жоғары оқу орындарында да осындай жағдай жасалған. Шет елде тәжірибе алмасуға, білім алуға да «Болашақ» бағдарламасы қарастырылған. Бір сөзбен айтқан кезде білім алушының тек өзінің ниеті мен талабына ғана байланысты. Себебі мемлекет жастардың жаппай сауаттануы үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайды жасап берген. 

Аталған ойдың нақтылау үшін Елбасының мақаласындағы мына бір тармаққа мән берген жөн: «Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек». 

Иә, табысты әрі бай болғыңыз келсе, білімді болыңыз. Себебі білім – бүкіл дүниенің кілті. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

М. Ақан