Ертегідегі ергежейлілер үйлерін қалай тұрғызады?

Ертегідегі ергежейлілер үйлерін қалай тұрғызады?
Фото: pinterest.com

Бала кезде мультфильмдерде немесе суреті көп ертегі кітаптарында біп-биік патша сарайы мен бір еменнің түбінде саңырауқұлақ жауып тастаған кішкентай ғана үйшіктер болатын. Іші-сырты алтынға оратылса да, сарай қызметкерлері бар тәттіні алдыңа қойса да, бүкіл патшалық сарайдың жоғарғы қабатынан алақандағыдай көрінетін болса да, жауынгерлерің қызғыштай қорғап жүрсе де, алып ғимараттан гөрі кішкентай үйшіктің іші мейірімге, сиқырға толы секілді көрінетін. Төмендегі видеода сондай үйшіктердің бірі қолда бар заттармен жасауға болатынын көресіз. Тіпті сол үйшікті мекендемесеңіз де, үйдің бір бұрышында шам ретіне қызмет ете алады. Олай болса, видеоны тамашалап көріңіздер.

Г. Берік