Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Апта кеңесі. Шығармашылықтың адамысыз ба?

Апта кеңесі. Шығармашылықтың адамысыз ба?

Апта кеңесі. Шығармашылықтың адамысыз ба?

Бұл сұраққа көбіміз өз-өзімізге сенімсіз болғандықтан, "жоқ" деп жауап беруіміз мүмкін. Дегенмен, әлдебір біз білмейтін қасиет жүрегіміздің түбінде бұғып жатқаны сөзсіз. Ендеше, өзіңізді шығармашылықтың адамы ретінде сезінетін кез келді. Қолымнан түк келмейді деген ойды лақтырып тастайтын уақыт жетті.

Бұл аптада Эйнштейн жүзеге асырған "шығармашылық елес" әдісін пайдаланып көрейік. Эйнштейн үнемі өзіне "біртүрлі" сұрақтар қойғанын білетін шығарсыз. Ол "Жаһанның жарығы қисая ма, қисаятын болса, мен көріп тұрған заттың қай жерде тұрғанын қалай білемін?" немесе "Егер мен жердің шетіне дейін сәуле бойымен жүріп өтсем, не болады?" деген сияқты сұрақтар қойып, оларға жауап алуға барынша тырысқан. 

Ойдың шегі жоқ деп жатады. Ойыңызды еркіндікке жіберіп, айналадағы әр құбылысқа осындай қисынсыз сұрақтар қойып көріңіз. Күн сайынғы қатып қалған тірлік заңының шеңберінде қалған ойға бостандық беріп, оның бар мүмкіндігін пайдаланыңыз. Адам өз миының тек 10 пайызын ғана іске қосады екен...

Ғажайыпты алыстан іздеп сарсаңға түсетін адамдар көп. Таңғажайып дүниені жеті қат жердің астынан іздеудің қажеті жоқ, ең керемет туынды - өзіміз. 

Данышпан даралардың адам сенгісіз әрекеттерге барғаны рас. Бәлкім олар осындай қисынсыз сұрақтары мен тосын әрекеттері арқылы данышпандық биігіне көтерілген шығар? Кім білсін?..

Апта кеңесін Тони Бьюзенге сүйене отырып ұсынған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: podruzhki.ru

4130 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 08 қазан 2012, 10:54
Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 10:49

сурети бир адеми екен... сурет салгым келип, сурет жинагым келип кетти...

+0
08 қазан 2012, 11:15

Қазіргі заманның ең қанатты сөзі- БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

+0
08 қазан 2012, 11:39

менің де кейде сондай қисынсыз сұрақтар қойып қалатыным бар, оны біреулер әдейі айтасың деп ренжиді, жасанды емес екенін ешкімге түсіндіре алмай-ақ қойдым((((

+0
08 қазан 2012, 12:02

Хе-хе, мен де қисынсыз сұрақтар қоюдың мастерімін :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...