Айна тәсілі

Айна тәсілі
Фото: theodysseyonline.com

Өмір небір талас-тартыстардан, түрлі күрестерден тұрады. Осы күресте жеңі-жеңбеу міндетті емес. Бастысы –әрдайым мықты бола білу. Сізді тұқыртқысы келетіндерге қарсы өз әдісіңіз болсын. Жаныңызға енгісі келетін бүлінгіге айна тәсілін қолданып көріңіз.

1. Сын айтпа — сынға мән берме.

2. Ешкімді тіпті ойша да айыптама — өзіңді кінәлі сезінбе.

3. Ренжітпе — ренжіме.

4. Өзгеге (өзіңе де) тек жағымды дүниелерді айтып үйрен. Ескертпе айту керек болса, «Онда барма, өлтіріп кетеді!» демегін. Нақты фактілерді теріп, дауыс көтермей сөйле: «Ол ауданда соңғы аптада 13 адамды өлтіріп кетіпті» де. 

5. Қорқытпа — қорықпа.

6. Өзгенің менін төмендетпе — сенің меніңді түсіргісі келетіндерді тыңдама. 

7. Өзгенің кемшілігін терме — сенікін терген адамға бейжай бол. 

8. Өзгенің болмысын бүлдіретін бағдарламаны түзбе — өзіңнің болмысыңа да жағымсыздықты жолатпа. 

Юлия Джумм

Аударған: Шынар Әбілдә

Ж. Жұмағұлов