Қарым-қатынас барысындағы ең үлкен қателіктер

Қарым-қатынас барысындағы ең үлкен қателіктер
Фото: abunawaf.com

Адамдармен әңгімелесу, қарым-қатынас орнату күнделікті жұмыс барысындағы, отбасы қасындағы, достар арасындағы жағдай. Отыз тістен шыққан әрбір сөз отыз рулы елге тарап, өсек пен өміршең әңгімелер айнала береді. Дегенмен қарым-қатынас орнату кезінде адамдар өздерінің үлкен қателік жасап қоятын тұстарын байқамайды. Ол қандай қателіктер?

Мақтанып сөйлеу

Кейбір адамдар сөз барысында қымбат көлігі мен патша сарайындай үйін айтып мақтанып қалады. Бұл әрине айналадағы адамдар үшін абырой болуы мүмкін. Бірақ ол ақымақтар үшін. Себебі ақылды адам сіздің мақтанған затыңызға қызыпайды. Тіпті сіз туралы қандай ой қалыптастыратыны да қорқынышты.

Көп ақыл айту

Адамдардың бәрі ақыл айтқанды жақсы көреді. Жалпы ең оңай кәсіп те ақыл айту. Таң қалатын ештеңесі жоқ. біреу сізге келіп сырын не қателігін айтып бөлісіп жатса, ақыл айту жақсы. Бірақ артық қыламын деп тыртық қылып алуыңыз мүмкін. Көп ақыл айтушы айналасына жаға бермейді. Ондай адамдардың ақылы аз деп ойлайды.

«Мен...», «Менің...» «Менде...»

Адамдар өзін жақсы көреді. Бірақ қарым-қатынас кезінде «Мен... Менің... Менде» деген секілді сөздерді пайдаланбаңыз. Бұл сіздің өзіңізді жақсы көргендігіңізден бұрын, сүйкіміңізді кетіреді. Кез келген ортаға кіріп өзіңіз жайлы айта беру, «мен» деп қана қалу ең жаман дүние. Бұл екеуара қарым-қатынасты үзіп қана қоймай, қайта сөйлесудің сәтін де туғызбайды.

Қарым-қатынас кезінде қателік жасаудан қорқу

Қобалжу, алаңдау мұның бәрі табиғи құбылыс. Бірақ сіз жаңадан кездесіп тұрған адамға келген кезде дайындықпен әрі сеніммен келіңіз. Сол кезде ғана барып араларыңызда жақсы әңгіме-дүкен орнайды. Сіз өзіңізге сенімсіз болсаңыз ол сіз жайында сөз қозғамақ түгілі, жұмыс жайында сөйлеуден бас тартады.

М. Ақан