Бақытты адамның 7 құпиясы

Бақытты адамның 7 құпиясы
Фото: amur.kz

Кез келген адам бақытқа лайық. Сол мүддеге жету жолында үлкен еңбек атқарып, жемісін жеуге тырысады. Бірақ шынайы бақытқа жету үшін әркім өзінен бастау керек.

Сіз туралы айналаңыздағылардың не ойлайтыны туралы алаңдамаңыз. Бұл – еркіндіктің құпиясы.

Біздің кез келген ойымыз ісімізге айналады. Бұл – шынайылықтың құпиясы.

Сүйіңіз және өзіңізді күтіңіз. Бұл – сұлулықтың құпиясы.

Өзіңізді және өзгелерді жамандамаңыз, пікір білдірмеңіз. Бұл – достықтың құпиясы.

Махаббатыңызды бөлісіңіз және жақсы көретін адамдарыңызды ұмытпаңыз. Бұл – махаббаттың құпиясы.

Алдымен беріп үйреніңіз, одан кейін аласыз. Бұл – байлықтың құпиясы.

Аз ойланыңыз, көп күліңіз және сүйіңіз. Бұл – бақыттың құпиясы. 

М. Ақан