Кітаптың берері мол білген жанға

Кітаптың берері мол білген жанға
Фото: vk.com

1. Біліміңіз арттыру
Сіз оқып шыққан әр кітап сізге жаңа білім береді. Осылайша, оқи отырып, сіз күн сайын білімді бола түсесіз.

2. Таным көкжиегін кеңейту 
Түрлі тақырыптардағы кітаптарды оқи отыра, сіз жан-жақты адам боласыз.

3. Мәселеге әртүрлі бағыттан қарай алатын боласыз 
Бір тақырыпты қамтитын әртүрлі кітаптарды немесе сіздің пікіріңізге сай идеясы бар кітаптарды оқи отыра сіз жағдайға әртүрлі көзқараспен қарай алатын мүмкіндікке ие боласыз.

4. Қиялыңызды ұштайсыз
Кітап оқып отырып, сіз автор сипаттаған картинаны елестетіп, қиялдайсыз. Осылайша қиялыңызды дамытасыз.

5. Фильмге қарағанда кітап қызығырақ екенін түсінесіз
Кітап оқыған кезде толық картинаны елестету үшін сіз өз қиялыңызды пайдаланасыз. Бәрі сіз қалағандай болады. Ешбір Голливуд режиссері сіздің қиялыңыздан артық көрсете алмайды.

6. Адамдар жайлы көбірек білесіз 
Жақсы кітап, кейіпкерлердің мінезін аша отырып, сізге түрлі адамдардың белгілі бір жағдайларда қалай әрекет ететінін көрсетеді.

7. Машықтана аласыз
Сіз кез келген тақырыптағы ұнатқан ғылыми-көпшілік әдебиетті таңдай аласыз. Бағдарламаудан бастап аспаздыққа дейін әртүрлі қызығушылығыңызды машықтандырасыз.

8. Наным-сенімдеріңізге күмән келтіресіз 
Мезгіл-мезгіл сіздің сеніміңізге күмән келтіретін идеяларға тап боласыз. Бұл сіздің көзқарасыңыздың дұрыстығын тағы бір дәлелдеп, немесе оның дұрыс еместігін мойындатып, бас тартуға мүмкіндік береді.

9. Әңгімешіл адам боласыз 
Түрлі әдебиетті оқу сізді көп оқыған, кез келген тақырыпқа сөйлесе алатын әңгімелесуші етеді.

10. Өзгенің тәжірибесін қолдану 
Кітап авторлары өз идеяларын қалай іске асырғандығы жайлы әңгімелейді. Сіздің сол идеяларды бірнеше сағат ішінде меңгеріп алу мүмкіндігіңіз бар.

А. Оралқызы