Ақша жинаудың үздік тәсілі

Ақша жинаудың үздік тәсілі
Фото: vk.com

Ең қарапайым тәсілі әр кеш сайын ақшаңыздың қанша қалғанын есептеңіз. Және оны екі есе нөлге айналырыңыз. Түсінбей қалдыңыз ба? Ендеше тыңдаңыз!

Мысалы: Сіздің әмияныңызда 5 235 теңге бар

                 Ал банк карточкаңызда 20 455 теңге бар

Бұл ақшаның соңғы екі санын нөлге айналдырамыз. Яғни 35 теңге мен 55 теңгені алып ақша жинайтын қорапшамызға немесе банктегі депазитімізге аударып отыру керек.

Жалақы алған кезде оны бірнеше есеге арттырып отыруға болады. Мысалы 112 950 теңғе алсаңыз оның 100 000 ғана қалдырып, 12 950 теңгесін қорға салыңыз.

Бұл әдістің пайдасы: 

  • Күн сайын таңертең біз өзімізде қанша ақша бар екенін біліп отырамыз және оның неге жететінні болжай аламыз.
  • Өзіміздің кіріс шығысымызды түгендеп, бос нәрсеге ақша шашпауды үйренеміз!
  • Қордағы ақшамыз күн сайын артып отырады.

Айкерім сайты

М. Оңғарова