Қарапайым қалпын сақтаған жұлдыздар

Әлемге әйгілі кейбір жұлдыздар шотында миллиардтаған ақша жатса да, қарапайым өмірді құп көреді. Олар кімдер?

Джессика Альба

Джессика – үнемшіл әйел. Балаларға арналған экологиялық жөргек шығаратын The Honest Company-дің негізін қалаған актриса үлкен қызынан қалған киімді кіші қызына кигізеді екен. АҚШ-тың ең бай әйелінің қатарына кіретін Джессика арзан бағаға киім сатып алып, қоғамдық көлікпен жүруден еш қысылмайды. 

Леонардо Ди Каприо

Ең көп жалақы алатын актер бола тұрып Лео қарапайым Toyota Prius көлігімен жүрген. 1998 жылы актер Leonardo DiCaprio Foundation қайырымдылық қорын құрып, оған 15 миллион АҚШ долларын аударған. 

Кейт Миддлтон 

Кембридж ханшайымы Кейт Миддлтон бір киімді бірнеше рет киюден ұялмайды. Оның үстіне көбіне қарапайым халықтың қалтасы көтеретін брендтерді таңдайды. Кейт қайырымдылықпен көп айналысады. Ол – халыққа жақын жүретін билік өкілдерінің бірі. 

Киану Ривз

Киану табысқа жеткен кезде де қонақүйде тұрып, пәтер жалдап өмір сүрген. Оққағар жалдамайтын жұлдыз қоғамдық көлікпен емін-еркін қатынай береді. Ол кинодан түскен табысының тоқсан пайызын (80 миллион АҚШ доллары) бет әрлеушілерге, киноны жасаған әріптестеріне таратып берген, ал 12 каскадерге су жаңа мотоцикл әперген. 

Мәдина Сәдуақасова

Отандық жұлдыздардың ішінен әнші Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікте түскен суретін инстаграмдағы парақшасына жариялап, халыққа бір табан жақын жүретінін көрсетті.