Қарыздың екі түрі бар

Қарыздың екі түрі бар
Фото: vk.com

Қарыз да холестерин сияқты. Оның жақсы қарыз және жаман қарыз деген екі түрі бар. Бұл туралы америкалық бизнесмен Фаррах Грей өзінің «Сізді байытпайтын 7 қателік» атты кітабында айтады.

Жақсы қарыз деген не? Жақсы қарыз:

- Пайызы төмен кредит карточкасы.

- Уақытында төленіп тұратын қарыз бен ипотекалық кредит.

- Толықтыруды қажет ететін кредит.

Ал жаман қарыз деген не? Жаман қарыз:

- Пайызы жоғары кредит карточкасы.

- Ұмытылған қарыз.

- Өмір сүру қалпын сақтап тұру үшін алынатын қарыз.

- Төленбеген шот.

- Көптен бері төленбей қалған «асқынып кеткен» қарыз.

Осы пікірге көзқарасыңыз қандай?

М. Оңғарова