Жұлдыз жорамал: 27.02.2017-05.03.2017

Жұлдыз жорамал: 27.02.2017-05.03.2017
Фото: god2017.com

"Тек жүрсең, тоқ жүресің" деген сөзді есте ұстаңыз.

Тоқты

Тоқтылар үшін бұл апта тез өтеді. Себебі атқарылар іс көп. Ол үшін шешім шығаратындарға қарсы пікірін айтуы мүмкін. Бірақ, артық кетпегені дұрыс. Келіссөздерді шусыз шешіп, кикілжіңдердің алдын алған абзал. Ал жұбайлық қарым-қатынаста барлық мәселе жарыңыздың сабырлылығының арқасында шешіледі. Сондықтан, оның жүйкесіне тимеңіз.

Торпақ

Торпақтар бұл аптада тығырыққа тірелуі мүмкін. Оған белсенділік төмендеуі сеп болады. Ауа райының құбылмалылығы әсер етуі мүмкін, иммунитетіңіз әлсіреп, ештеңеге зауқыңыз соқпайды. Мұның алдын алу үшін апта ортасына және соңына дейін ешкімге ешқандай уәде бермеңіз, сауығып кетудің жолын іздеңіз.

Егіздер

Егіздер бұл аптада өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Көктемді ерекше көңіл-күймен бастаймын деп ниет қойсаңыз, бұл апта ойдағыдай өтеді, демек, бәрі өзіңізге байланысты. Кикілжіңдерден алыс жүріңіз. Сүйіктіңізді шектен тыс қызғануды, оны себепсіз және орынсыз ренжітуді доғарыңыз.

Шаян

Бұл апта Шаяндар үшін жақсылыққа әрі қауырт істерге толы болмақ. Олар үнемі өзі жасаған тірліктерге көңілі толмай жүреді, сол үшін жаңа бастамаларды қолға алғанды жақсы көреді. Бұл да алға ұмтылудың бір амалы секілді. Осы қалпыңыздан таймаңыз. Сенбі, жексенбі күндері туған-туыстарға да көңіл бөле жүріңіз.

Арыстан

Бұл аптада алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Егер жолға шыға қалсаңыз, құжаттарыңызға мұқият болыңыз. Олар қалтаңыздан табылмай қалып жүрмесін немесе қолдану мерзіміне назар аударыңыз. Адамдармен танысу кезінде де сақ болыңыз. Барлық адам періште емес.

Бикеш

Бұл аптада аяқ астынан сіздің денсаулығыңызға не қалтаңызға әсер ететін мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан қандай жағдай болмасын, өзіңізге де, айналаңыздағы дүниелерге де сақ болыңыз. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» дегенді естен шығармаңыз. Спорт ойындарында не жаттығу залында абай болыңыз.

Таразы

Таразылар осыған дейін де, әлі де бар назарын өмірлік серігіне арнап келеді. Бұл аптада да серігі назардан тыс қалмайды. Қандай жағдай болмасын, жанынан табылып, қолдау көрсетіп жүргені көпке үлгі бола алады. Осы бетіңізден таймаңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар бұл аптада өз-өзіне көңіл бөлуі керек. Денсаулықты күтіп, көктемгі маусымға дайындалыңыз. Аллергияға қарсы дәрумендерді қазірден-ақ қабылдаған дұрыс. Әріптестер арасындағы қызметтік жанжалдан алыс жүріңіз.

Мерген

Мергендер бұл аптада сезімнің құшағында жүреді. Сүйіктісіне деген сезімін жеткізуге болады. Достары оның хабарсыз кеткені үшін сүйіктісіне кінә артуы мүмкін. Сондықтан, дұрыс шешім қабылдай алу керек.

Тауешкі

Үйде, отбасында тынымсыз тірлік басталады. Жанжал туа қалса, сабырлықпен ретке келтіре біліңіз. Ашуды ысырып, мейірімділікке бет бұрыңыз. Әсіресе, үлкендер арасындағы кикілжіңдерді шешуге көмектесіңіз. Сонымен қатар, бұл апта саяхатқа, алыс сапарға шығуға қолайлы кезең.

Суқұйғыш

Аптаның басы олар үшін өте сәтті өтеді. Қалтаңыз қалыңдап, ойлаған істеріңіз жүзеге асады. Сатып алған заттарды немесе қызметті растайтын төлем чектерін тастамаңыз. Туған-туыстармен, достармен байлнаысты үзбеңіз.

Балықтар

Бұл аптада айналаға мейіріммен қарау, жан-жануарларды қорғау секілді қайырымды істермен айналысуға болады. Апта ортасында табысты бола қалсаңыз, ақшаны ойланып жұмсаңыз. Келер аптада да қажетті заттар аламын десеңіз, қазір ақшаңызды үнемдеңіз.

Г. Берік