Есіңізде жүретін бес нәрсе

Есіңізде жүретін бес нәрсе
Фото: www.creativereview.co.uk

Абайдың "бес асыл ісі" мен "бес нәрседен қашық болуға" шақырған өлеңін барлығы білетін болар. Сол секілді бес күн жалғанда бес түрлі дүниенің қадірін білу, бес дүниеден аулақ болу – сіз бен біздің міндетіміз. Сіздерге бес саусақтың саласындай болған бес нәрсенің пайдасы мен зиянын өзгеше топтастырдық.

Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді:
- Ағаш – жемісімен білінеді.
- Әйел  күйеуі кедейленгенде білінеді.
- Дос  ауыр күнде білінеді.
- Момын  сынаққа түскенде білінеді.
- Жомарт  қажет болғанда білінеді.

Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді:
- Кішіпейілдік  ғалымдарды көтереді.
- Байлық  айыптауды көтереді.
- Үнсіздік  қателікті көтереді.
- Ұят  аxлақты көтереді.
- Әзіл  қайғыны көтереді.

Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді:
- Көз  зинаға жеткізеді.
- Дәмету  өкінуге жеткізеді.
- Қанағат  разылыққа жеткізеді.
- Көп сапар шегу  танысуға жеткізеді.
- Тартысу  айырылысуға жеткізеді.

Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі:
- Шүкіршілік – ризық әкеледі.
- Көзді тыю  парасат әкеледі.
- Ұят  жақсылық әкеледі.
- Жұмсақ сөз  шешімге әкеледі.
- Ғазаб  өкініш әкеледі.

М. Ақан