Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Жұлдыз жорамал: 06.02.2017-12.02.2017

Жұлдыз жорамал: 06.02.2017-12.02.2017

Жұлдыз жорамал: 06.02.2017-12.02.2017

Өмірде барлығы адамның сеніміне байланысты. Жақсылыққа сеніңіздер. 

Тоқты

20 наурыз – 19 сәуір

Осы аптада Тоқтылар оптимистік көзқарасты ұстанады. Көптен ойлаған арман-мақсатыңыз орындалуы мүмкін. Достардың, әріптестердің қолдауын сезініп, оларға сенім артады. Жұлдыздар бұл аптаны көңілді кештермен өткізіңіз деп кеңес береді. Үнемі қозғалыста болыңыз. Сонымен қатар, бұл аптада имиджіңізді өзгертіп, өзіңізге көңіл бөлетін мүмкіндік туады. Айрылып қалмаңыз!

Торпақ

20 сәуір – 20 мамыр

Ел алдында сөз сөйлеуге және кәсіпте жеңіске жетуге таптырмайтын уақыт туды. Басшылықтан қолдау күтіңіз, олар кәсіби біліктілігіңізді арттыруға сізге міндетті түрде көмектеседі. Оған қоса, тыныштықта отырып, шығармашылықпен айналысатын кез келді. Ішкі жан дүниеңізді байыту үшін жұмыс істеңіз.

Егіздер

21 мамыр – 20 маусым 

Егіздер бұл аптада шығармашылық әлеуетін арттыра алады. Жаңа идеялардың тууы және олардың жүзеге асуы өзіңізге байланысты. Сүйіктіңізбен қыдыруға бар уақытыңызды арнаңыз. Бұл апта романтикаға толы апта болмақ.

Шаян

21 маусым – 22 шілде

Шаяндарда апта ішінде жұмыста да, үйде де біраз тірлік күтіп тұр. Бірақ жұмыс барысын алдын ала есептей алғандары барлығына үлгере алады. Үлгеріп жүргендерге басшылық жаңа тапсырма да беруі мүмкін. Олар бұл сыннан да сүрінбей өте алады. Себебі, олар өздеріне бек сенімді. Осы беттен таймаңыз.

Арыстан

23 шілде – 22 тамыз

Арыстандар жұмыста да, жанұяда да өзін бірқалыпты сезінеді. Адамдармен тіл табысу үшін үнемі келісім білдірген дұрыс. Өз-өзін жетілдіруде, шыңдауда үлкен жетістікке жетуге мүмкіндік бар. Бұл апта серіктестік келісімшартына қол қоюға және оны қолдауға ыңғайлы кезең.

Бикеш

23 тамыз – 22 қыркүйек

Бұл аптада Бикештер денсаулығына мән беруі тиіс. Егер осыған дейін энергетикалық әлеуетіңіз төмендеп кетсе, осы апта ішінде иммунитетіңізді көтеріп алуға мүмкіндік туады. Ол үшін үнемі дене жаттығуларын жасап, фитнеспен шұғылдану керек. Айналаңызда жүйелік орнаса, барлық мәселе дер кезінде шешіліп отыратынын естен шығармаңыз.

Таразы

23 қыркүйек – 22 қазан 

Таразылар бұл аптада махаббат пен шығармашылықты үйлестіре алатын болады. Қызығушылығыңызға хобби ретінде емес, кәсіп көзі ретінде қарайтын кез келді. Өз ісіңіздің шебері болсаңыз, өзіңізге деген сенімділіктен арылмай, жаңа идеяның бастауын жіберіп алмаңыз. Туған-туыс, достармен де байланысты үзбеуге тырысыңыз.

Сарышаян

23 қазан – 21 қараша 

Сарышаяндарға бұл аптада отбасылық тұрмыс-тіршілікті атқару үшін біраз күш-қуат қажет. Барлық жұмысты алдын ала жоспарлап қойсаңыз, бәріне үлгеріп, жұмыстан ләззат аласыз. Егер жаныңызда көмекшіңіз болса, қосымша жұмыспен айналысуға да уақыт таба аласыз. Бастысы, ештеңеден бас тарпау керек.

Мерген

22 қараша – 21 желтоқсан

Мергендер бұл аптада жаңа ортамен байланысқысы келеді. Бұл тілегі көп ұзамай орындалады. Алда саяхат, кездесу және жаңа қарым-қатынас күтіп тұр. Осы жаңа байланыстар сіздің өміріңізге өзгеріс енгізеді. Жаңа орта, жаңа идея, жаңа әңгіме, жаңа адамдар... Жаңа нәрсе жаман болмайды.

Тауешкі

22 желтоқсан – 20 қаңтар

Тауешкілерді бұл аптада қаржы мәселесі ойландырады. Жеке бастың тірлігі іскерлік кездесулердің көлеңкесінде қалып қоюы мүмкін. Алдымен, кәсіпкерлік бағыт, мансапта және қаржы төңірегінде ойланып алыңыз. Қалған мәселелерді екінші кезекке қойыңыз. Денсаулығыңызға да көңіл бөліңіз.

Суқұйғыш

21 қаңтар – 18 ақпан

Суқұйғыштар бұл аптада басты назарды өздеріне аудару қажет. Өзіңізді жан-жақты дамытудың жолын іздеңіз. Тұлға ретінде қалыптасу үшін не істеу керек деген сұрақтардың жауабын табу қиын емес. Дене сымбатына да мән беру керек. Бір уақыт миға да азық берген жөн. Шығармашлықпен де айналысуға болады. Мәдениет, қоғам қайраткерлерімен танысып, жаңа ортамен араласқан артық етпейді.

Балықтар

19 ақпан – 19 наурыз

Әлеуметтік желіден және қоғамнан жырақта өмір сүруге бой үйретіп алдыңыз. Көпшіліктің ортасында жүрсеңіз де, жалғыз қалуды дұрыс санайсыз. Бірақ бұл кәсіби мансабыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Ол үшін ішкі жан дүниеңізбен күресіңіз. 

0
Рейтинг: +1

Фото: 1freewallpapers.com
Қосылған күні: 07 ақпан 2017, 06:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.