Жұлдызды белгілер үйлесімі

Жұлдызды белгілер  үйлесімі
Фото: Metronome.Ge

Жұлдыз-жорамал тарихы б.з.д  5000-8000 жыл бұрын ежелгі шумерлер мекендеген Месопотамиядан бастау алғаны белгілі. Әр жылдың, әр жұлдызнаманың өзіне тән ерекшеліктері мен сәйкестіктері бар. Жұлдызды белгілер бір-бірімен қалай үйлесім табады? Біле жүрейік!

Тоқты тынымсыз болғандықтан, Балықтар мен Мергендер оны сабырлылыққа шақырады. Тоқты мен Таутеке бір-біріне сенімді болып келеді. Торпақ пен Сарышаян Тоқтыны байытады. Арыстан мен Суқұйғыш бақытты етуге шебер. Шаян мен Таразы жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі.

Торпақ өзін   Тоқты мен Таутекенің арасында сабырлы санайды. Торпаққа Сарышаян романтикалық қарым-қатынас ороната алады.Егіздер өзін Торпақ пен Суқұйғыштың ортасында  еркін сезіне алады. Бикеш пен Мерген Егіздерге жақсы жар бола алады. 

Егіздер Арыстанмен жақсы тіл табыса алады. Шаян өзін Егіздер мен Балықтардың ортасында қауіпсіз санайды. Таразы мен Таутеке  Шаянға махаббат айдынында лайықты , адал серіктер.

Арыстан үшін Сарышаян мен Суқұйғыш таптырмас серік. Арыстандар Таразымен көп тіл табыса алмай жатады. Ол өзін Шаянның қасында ыңғайлы сезінеді.

Бикеш үшін Таутеке мен Шаян махаббатқа жол ашады. Таразы мен Тоқты қаржылай да, рухани да демеу бола алады.

Таразы Сарышаянмен отбасын құрса еш өкінбейді. Сабырлы болғандықтан, барлық жұлдызнамалар достыққа құмартуы мүмкін. Егіздермен жақсы тіл табыса алады.

Сарышаян Шаян мен Таразының махаббатына тәуелді. Бикеш пен Балықтар бақытты болуға көмектеседі. Торпақ жақсы дос бола алады.

Мерген Сарышаян мен Арыстанның жанында өте салмақты. Бикеш Мергенге еркелейді. Балықтар мен Егіздер жақсылыққа үміт артуға үйретеді.

Таутеке  Бикеш пен Мергеннің ортасында сабырлы. Суқұйғышпен отбасын құруына болады. Арыстан оған жақсы дос бола алады.

Суқұйғыш Таразы мен Таутекенің арсында салмақты. Сарышаянмен жақсы дос бола алады. Шаянмен отбасын құруына болады. 

Балықтар Мергендермен бақытты отбасын құра алады. Арыстанмен тез тіл табыса алады.  Торпақ пен  Шаян балықтарға ғашық.

Ә. Жутаева