Түске тән 8 түс

Түске тән 8 түс
Фото: Sözcü

Түс көру – таңғажайыпқа бір сәтке болса да жақындау. Қазақтың түс жору салты тәрізді дәстүр көпшілік елде кездесе бермейді. Түстерін жорыту үшін арнайы адамдарға баратын болған. Кез келген адам түс жоруға бейім болмайды. Болашақта не болатынын ешкім де білмейді. Десе де бақсы-балгерлер болжап, жорамал жасайтын ерекше қасиетке ие болған. Абылайдың түсін Бұқардың жорығанын тарихтан білеміз. Адам түсінде өңіне қарағанда барынша еркін болады екен.

Қандай түс көрсең де жақсыға жорыған дұрыс. Түс түлкінің боғы деп жатады. Сонда да өмірге маңызды әсері бар немесе ым-ишара ретіндегі түстердің барын да ұмытпаған жөн. Сол үшін де түсті қалай болса солай жору – қателік. Қатты шаршап-шалдыққанда, жүйкеге салмақ түскенде бей-берекет шытырман түстерді көреміз. Бұларды жорудың қажеті де жоқ. Түстің өзі сегіз түрлі болып келеді. Соған орай түрлі болжамдар да айтылып жатады. Ендеше, астарына үңіліп көрейік!

1. Ақ түс – бақыт, денсаулық, жақсылық нышаны. Игілікке жетуді білдіреді.

2. Жасыл түс – жол жүру, сапар шегу, өсіп-өну, сәттілік. Түсіңде жасыл киіммен жүрсең, арманыңа жетесің, қалағаның орындалады.

3. Көк түс – келіссөздер, үлкен әңгімелер жүруі мүмкін. Бір нәрсенің шешімі табылуы мүмкін.

4. Қара түс – мұң, уайым-қайғы. Қара қошқыл түсті отты көрсе қиындық туындауы мүмкін.

5. Қоңыр түс – ұзақ уақыт күткен адамыңмен кездесу.

6. Қызғылт түс – сізді сыйлық күтіп тұр деген сөз.

7. Қызыл түс – махаббат немесе кей жағдайларда сырқат болуы да мүмкін. Қызыл киімде жүрген түс көрсе – қызмет дәрежесі өседі деген болжам бар.

8. Сары түс – Кейде жақсылық, кейде уайым.

Ә. Жутаева