Қазіргі аурулардың ежелгі атаулары

Қазіргі аурулардың ежелгі атаулары
Фото: azh.kz

«Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін
«Шипагерлік баяным» артымда қалмақ»

Ғалым-шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
XV ғасыр

Шипагерліктің негізін қалаған ғұлама ғалым, медицина, философия, астрономия салаларының дамуына сүбелі үлес қосқан Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының қазақ тарихында алар орны айрықша. Оның «Шипагерлік баяны» еңбегі өз дәуірінің жемісі ғана емес, бүгінгінің де баға жетпес құндылығы. Аталған кітаптағы тілдік, тәрбиелік дүниелердің алатын мәні мен маңызы ерекше. Бүгін осы кітапта жазылып кеткен қазіргі кей ауру түрлерінің ежелгі атауларын назарларыңызға ұсынамыз.

Жарғышылық – хирургия

Сор буын – ревматизм

Кекжиме – менингит

Шалқатпа – сіреспе

Ұрғашылық аласталғы – гинекология

Жұқпа шоғыр – инфекция

Ақтақ – белсіздік

Қондық буылма – истерия, талма ауру

Бөртімдік – реакция

Құрысқақ – кальций дәруменінің жетіспеушілігі

Есалаңдық семірулік – кретинизм

Безбен – ангина

Қорқұлақ – «С» дәруменінің жетіспеушілігі

Дуылдама – аллергиялық қышыну

Хорасан – шешек

Қатпа қадақ – өкпе туберкулезі

Күл – дифтерия

Дүлше – теміреткі

Ө. Сансызбай