Жұлдыз жорамал: 05.09.2016-11.09.2016

Жұлдыз жорамал: 05.09.2016-11.09.2016
Фото: telegraf.com.ua

Өмірде барлығы адамның сеніміне байланысты. Жақсылыққа сеніңіздер.


 Тоқты 
20 наурыз – 19 сәуір

Осы аптада бала кезіңізден ойда жүрген биік мақсатыңыздың шыңына шығып, өміріңіздің соңына дейін өзіңізді іштей мақтан тұтарлық іс тындырасыз. Ал серіктестік қызметте белсенділік танытпай, сырттан бақылаушы болып қана көп шаруа шешесіз. Күндегіден көп білім жинап, бар зейініңізді үйрену арнасына бұрсаңыз, бойыңыздағы бар кемшіліктен арылып қалу сәті туып тұр.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Осыған дейін қол жеткізген оңай олжаңыз салмақ түсірер сәт туды. Жасымаңыз, берілмеңіз, байбалам салмаңыз. Аса ұстамдылық, сабырлылық танытыңыз. Дәл осы уақытта кез келген іске қабілетті екеніңізді дәлелдейтін кез. Өмірге оптимистік көзқарас таныту үшін сізде барлығы жеткілікті. Кәсіби деңгейіңізді арттырып, қаржылық мәселелеріңізді де шешесіз. Осы аптада қиындық туса, барлығы да ұсақ-түйек екеніне кейін көз жеткізесіз. Шаяндармен жақындығыңыз болса, олармен бірлесіп қолға алған бастамаңыз оңынан келмек. Сонымен қатар осы аптада өміріңізге енетін өзгеріс – нағыз бақыт нышаны.

Үзіліс есігіңізді қағып тұр. Оны кіргізесіз бе, жоқ па – өз құзырыңызда. Барлығын жеке өзіңіз шешуге тура келеді. Уақытты босқа жоғалтпай, әр минутты мәнді өткізіңіз. Қаржылық мәселелерді шешу қиындай түсуі мүмкін. Уайымдамаңыз, апта аяғында барлығы ойдағыдай шешіледі. Аптаның екінші жартысын жеке өміріңізге арнаңыз, жақындарыңызға көбірек көңіл бөліп, мейірім шуағын шашыңыз. Осы аптада өмірін жаңа парақтан бастап ашқысы келетіндер өте дұрыс шешім қабылдағаны. Осы өмірі ең бақытты, нағыз өмір болмақ.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Бұл апта сізге мол идея алып келді. Осы жетіні толығымен шығармашылыққа арнасаңыз болады. Қаламыңызға ешкімнің ойына келмеген тың дүние оралуы мүмкін немесе қарындашыңыз көрші бөлмедегі кісінің портретін салғысы келіп тұр. Тек қолға алсаңыз болды, қалам-қарындашыңыз өздігінен тоқтаусыз жұмыс істей береді. Сұқтанған сырт көздің қандай ойы барына көз жеткізбей жатып, шешім шығармаңыз. Өзгелердің көзқарасынан шын қызығушылық пен бос әурені ажырата біліңіз. Өмірлік естен кетпес естелігімен миыңызда қашалатын саяхат осы аптада болуы ықтимал.


Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Сізді үнемі бір тылсым күш қолдап, қорғап тұрғандай болады. Бір істі ойға алдым дегенше, орындадым дей беріңіз. Алға қойған мақсатыңыздан да биік деңгейге жететін мүмкіндігіңіз бар. Таныстарыңызбен арада туған кикілжің шешімін табады, оған да мол ақылыңыз себепкер. Әлі де танылмаған талантыңызды ашып, айналадағыларды таңғалдырудан жалықпаңыз. Махаббатта да, мансапта да, қаржылық жағдайда да оңды өзгерістер орын алып, сіз ойламаған таңғажайыпқа жолығасыз.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Аса сақ болыңыз. Айтарлықтай қауіп туып тұрған жоқ, дегенмен әр іске сауысқандай сақтық танытыңыз. Сіз көптеген маңызды істерге, деректерге көңіл бөлмейсіз, барлығына жеңіл қарайсыз. Сондықтан соңында бармақ тістеп қалуыңыз мүмкін. Қателіктеріңізден сабақ ала біліңіз, оны екінші рет қайталамайтындай тәжірибе жинағаныңызға сеніңіз. Іскерлік серіктестермен кикілжің туғызбауға тырысыңыз. Туыс, достарыңызға немқұрайлылықпен қарамаңыз, не күн туса да олар сіз жағында болып, қолдау танытады. Осы аптада махаббатыңыз күшейіп, сезіміңіз тасиды.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Спортпен айналысып, денеге физикалық күш түсіріп, сырт келбетіңізді қалыпқа келтіруге қолайлы кезең. Шығармашылық шабытыңызға ерік беріп, қалыптан тыс әрекеттерге барасыз. Ол сізге сәттілік сыйлайды. Маңызды шешім қабылдайтын жағдай туса, ішкі түйсігіңізге сеніңіз, түйсік алдамайды. Жұмыста, мансапта ірі жобалар жасап, батыл қадамдарға барудан қорықпаңыз. Ескі досыңызбен ойламаған жерде кездеу, достарыңызбен көңілді кеш өткізу, арнайы кездесуге шақырту алу, іскерлік кездесу – барлығы бірдей осы аптада өміріңізден орын алады. 

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Миыңыз таза әрі артық ойлардан бос болса, сол жерге тың да ерекше ойлар орнығады. Бұл бұрыннан ойлап жүрген ісіңіздің шешімін табатын таптырмас кілт болуы мүмкін. Сіздің әр ісіңізді романтикалық әрекет деуге келмейді, бірақ орындалған жағдайларда сіздің үлесіңіз қаншалықты мол екенін барлығы біледі. Күзгі көңіл күй сыйлап, жарқын да жағымдылығымен келетін осы аптаға риза боласыз. 

@. @assel_assanova