Жабысқан сағызды қалай кетіреміз?

Жабысқан сағызды қалай кетіреміз?
Фото: twitter.com

Кілемге сағыз жабысса, оны лақтыруға емес, тезірек тазалауға асығыңыз. Оның жолдары 

​1. Кілемге жабысқан сағыздың үстіне таза судан бірнеше мұз қойып қойыңыз. Оның суы ақпау үшін су өткізбейтін қапқа салып қоюға болады. 10-15 минуттан кейін кілемдегі сағыз суықтан қатая түседі. Сол кезде оны қолмен тырнап алып тастау оңай.

2. Егер сағыз кілемнің бетіне емес, түктерінің түбіне қарай жабысқан болса, суық емес, ыстық көмектеседі. Сағыз жабысқан жерді фенмен қыздырыңыз да, полиэтилен қап немесе қағазбен үйкеп сүртіп, сағызды жабыстырып алыңыз. Егер сағыз толықтай кетпейтін болса, ол жерге бірнеше тамшы өсімдік майын тамызып, 5 минуттан кейін жылы суға ыдыс жууға арналған сұйықтықтан құйып, жуып алыңыз. 

Дереккөз: anabol.kz

Е. Жұмабайұлы