Жадыңызда жүрсін!

Жадыңызда жүрсін!
Фото: oxumedia.com

Пернетақтаны қалай оңай тазалауға болады, қайшыны қайрау жолы қандай, былғары сөмкенің жағымсыз иісін қалай жоғалтуға болады және тағы басқа да сұрақтардың жауабын осы материалдан оқыңыз.

– Пернетақтаның арасына жиналған ұсақ қоқымды стикердің көмегімен алуға болады. Ол үшін стикердің жабысатын жағын қолданыңыз.

– Егер еденге әлдебір ұсақ затты түсіріп алсаңыз, оны табу сіз ойлағандай қиын емес. Шаңсорғыштың ауызына капрон шұлықты кигізіп, еденнің шаңын сорғызыңыз. Жоғалтқан кішкентай түйме де оңай табылады.

– Өтпей қалған қайшыны қайрау үшін әйнек ыдыстың сыртынан жаймен қайшылаңыз. Қайшының жүзі өткірлене түседі.

– Былғары сөмкені жағымсыз иісінен арылу үшін шұлыққа біраз ас содасын салып, сөмкеге салып қойыңыз. Бір түнде-ақ жағымсыз иістен тазарады.

– Егер ас бөлмеге шіркей, ұсақ шыбындар қаптап кетсе, еш уайымдамаңыз. 400 мл суға 30 мл арақ пен ыдыс жууға арналған сұйықтықтан 3-4 тамшы тамызып, араластырыңыз да, осы сумен шіркейлер көбірек шоғырланған жерлерді сүртіп шығыңыз. Шіркейлер тез-ақ жоғалып кетеді.

– Аяқ киімдерді капрон шұлықпен тазалап көріңіз. Әсіресе, күдері (замшевый) аяқкиімдердің шаңы мен кірі оңай тазарады.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік