Көңіл-күйді қалпында сақтаудың 10 түрлі әдісі

Көңіл-күйді қалпында сақтаудың 10 түрлі әдісі
Фото: google.kz

1. Таңертең орныңыздан тұрғанда барлық іс сәтіне басады деген сенімде болыңыз. Үйден шығарда, алда туылар істерге сақадай сай тұрыңыз;

2. Келеңсіз істерді алдымен тындыруды әдетке айналдырсаңыз, тұтас бір күніңіз өте мамыражай өтеді;

3. Зейінді шоғырландырудың қолдағы жұмысқа бар ынта-пейілмен кірісудегі пайдасы зор;

4. Әрқашан жүріс-тұрыста ибалы, салауатты болыңыз;

5. Өзіңізді үнемі кінәлай бермеңіз, егер шынында қателік өткізіп қойсаңыз ағаттықты батылдықпен мойыныңызға алып, одан туылған зиянның орнын толтыруға күш салыңыз. Өзін-өзі сөге беру мен кемсіту – сары уайым мен рухани аурулардың қайнары;

6. Айналаңыздағыларға мұқият мәміледе болыңыз. Олардың қандай кезде нендей аңыс білдіретінін игеру арқылы қай істерді істемеу, қай сөздерді сөйлемеу керектігін аңғара аласыз;

7. Әрқандай істе үміткерлікпен қарауға құлшыныңыз, тіпті, ең қиын жұмыс болған күнде де позицияңызды өзгертсеңіз, оны шешудің тамаша әдісін таба аласыз;

8. Бірер іске жолыққанда қайдағы-жайдағыны уайымдай бермей, нақтылы қимылға көшкеніңіз жөн;

9. Басқаларды жазғыра бермей, кең пейілділік танытсаңыз, сол арқылы құрметке бөлене аласыз;

10. Кеште үйге қайтқанда біркүндік өміріңізге үміткерлікпен талдау жасап көріңіз, жәбір мен уайымнан ертерек арылыңыз;

Дереккөз: wordpress.com

Ө. Сансызбай