Өмірді өзгертетін пәлсапа

Өмірді өзгертетін пәлсапа
Фото: amur.kz

Өмірді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Ол түк қиян емес. Аузыңыздан шыққан сөз бен аттаған қадамыңызға мұқият болсаңыз болғаны.

Қателігіңіз бен кінәңізді дер кезінде көре біліп, орнын толтыруды да естен шығармаңыз.

Кешірім сұраумен қатар, өзіңіз де кешірімді болыңыз.

Тың ойлар басқалар басында болатынын да мойындаңыз. Бастысы кім бірінші айтқаны емес, идеяны алғаш кім жүзеге асырғаны маңызды.

Кезі келгенде кез келген кісіге көмек көрсетіңіз. Ойлары мен істерін қолдап, жетістікке жетеріне сенім білдіріңіз. Сіздің мақұлдауыңыз оған дем беріп, құзар шыңның басына шығруы ықтимал.

Өмірлік ұраныңыз мынау болсын: ешкімге ешқашан зияныңызды тигізбеу.

Өз артықшылығыңызды өзгелерге үнемі үстемелей берудің қажеті жоқ. Мұнымен тек жауларыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен тату тұрғыңыз келсе, олар ерекшелігіңізді өздері байқайтындай жағдай жасаңыз.

Дауды тоқтатқыңыз келсе, «мүмкін, мен қателескен шығармын» деңіз. Сонда келіспеушілік себебі жоғалады. Дау да аяғына жетіп, бір шешімге келесіздер. Өз ойыңызды дәлелдегіңіз келсе, «Мен сіздер сияқты шешен тілді емеспін, бірақ менікі дұрыс» деңіз.

Сөйлеп отырған адамның пікірімен келіспесеңіз, оның сөзін бөлу арқылы тоқтата алмайсыз. Ол бәрібір сөзін аяқтамайынша тынышталмайды.

Адамның жақсы жағын ғана көруге тырысыңыз. Ал ешқандай қайырымдылық, парасаттылық байқай алмасаңыз, оған үлгі боларлық адамды көрсетіңіз. Ол кісі мұны құптайды.

Ешкімді ешқашан келекелеп, төмендетпеңіз.

Жақсы тыңдаушы болыңыз, аз сөйлеңіз.

Сөзіңізге құлақ түрсін десеңіз, бұйырып айтпай, ұсынып көріңіз.

Ешкімді сынап-мінемеңіз. Егер айтпасқа тіліңіз аузыңызға сыймай бара жатса, жеке басына нұқсан келтірмей, тек кәсіби жағдайын ғана сынауға болады.
Адамдардың ісіне баса мән беріңіз. Сонда оларды босқа алдандырмай, шынайы мақтайтын себеп табасыз.

Ашушаңдық адамның сыртқы қолдау мен көмекке мәжбүрлігінен туады. Сондықтан адамдардың бұл жағдайына түсіністік танытыңыз.

Өзгелер жөнінде тек жақсы пікір ғана айтыңыз. Ал олай айта алмасаңыз, үндемеген жөн.

Адамдарды толық атымен атаңыз. Бұл есімін қысқартып не әлдебір ойдан шығарылған атаулармен шақырғанға қарағанда жағымдырақ. Оның тұлғалық болмысына құрметіңізді осылай білдіріңіз.

Аяқ астынан ашу шақырсаңыз, ешкімге сөйлемеңіз, шыдаңыз, сабырға келіңіз, эмоцияңызды сыртқа шығармаңыз. Жағдайды ушықтырмаңыз.

Адамдарға себепсіз сыйлық беріңіз. Бұл сіздің мерекені күтпей, жақындарыңызды кез келген сәтте қуантуға бар екеніңізді дәлелдейді.

Кез келген әңгімені жақсы көңіл күймен аяқтаңыз.

Қандай қиындық болса да, үнемі күлімдеп жүріңіз. Күлімдеңіз.

@. @assel_assanova