Қыздар инстаграмда жіберетін қателіктер

Қыздар инстаграмда жіберетін қателіктер
Фото: www.islam.ru

Қазіргі кезде адамды тану үшін әлеуметтік желілерін бір шарлап шығу жеткілікті болып қалды. Себебі виртуалды өмірінде бәрі ашық, бәрі жарияланған. Сондықтан нстаграм желісінде сізді алғаш көрген жан жаңсақ пікір қалыпатастырмауы үшін, әр суретіңіз бен жазбаңызда жарияларда мұқият болыңыз.

«Шетелде түскен сурет». Өз суретін қиып, өзгелердің шетелде түскен суретіне «жапсырып» қоятындар да бар. Фото өңдеуде қаншалықты шебер болсаңыз да, мұндай қадамға барудың қажеті шамалы. Халық ақымақ емес, қазір адамды алдау қиын.

Шұбатылған сөз жазу. Үнемі инстаграмға сурет саларда «әдемі сөздер тауып беріңдерші», «не деп жазсам екен, айтшы», «былай жазайын ба әлде былай ма» деп елдің мазасын алып жүретін таныстарыңыз бар болар. Өз жүрегінен қандай сөз шықса, соны жазсын, болмаса жазусыз сурет салуға болмайды деген заң жоқ қой. Айта кетерлігі, мәтініңіз арқылы көпшілікке ой салғыңыз келсе, ол қылығыңыз орынды. Алайда бір адамға арналған реніштен бүкіл әлемге өкпе артып, көпке топырақ шашатын жазбадан аулақ болыңыз.

Жұлдыздарға жазылу. Сіз жазылған тұлғалардың жартысынан көбі жұлдыздар болса, ойланыңыз. Олардың қайда барып, не киіп, не ішкенін білгенде не өзгерді? Не мақсатпен жазылып, күніңіздің көп бөлігін бәзбіреудің өмірін тамашалауға арнайсыз? Өзгелер өзеуреп өсектегенде тыс қалмау үшін бе? Оған жұмсаған уақытыңыз бен көңіліңізді бір сәт жақындарыңызға арнаңыз.

Күніне бірнеше бірдей сурет жариялау. Мерекелік кеш болғанда, атаулы күндері инстаграм қабырғасын жалғыз өзі жаулап алып, таңертеңнен кешке дейін үздіксіз сурет жариялайтындар бар. Бақытты күнін бөліскісі кеп, қуанышы қойнына сыймағандықтан, осылай етсе, кешірімді. Дегенмен бір күн ғана емес, күн сайын кемінде бес сурет салмаса, бір ісі бітпей қалғандай жаны жай таппайтындар бар. Мұнымен адамдарды жалықтырып, тіпті өзіңізден жеріткеннен өзге ештеңе таппайсыз. Тек сапалы, ең сәтті шыққан суреттерді ғана жариялаған жөн.

Өзіне ғашық жан. Өзіңізді қаншалықты шексіз жақсы көрсеңіз де, мұны жалпақ жұртқа жария етпеңіз. Өзгеріссіз бетіңізді ғана түсіре беретін шегі жоқ селфи елді мезі етеді. Парақшаңызда жалғыз түскен селфи саны оннан аспауын қадағалаңыз. Егер жаңартып тұрғыңыз келсе, ескісін өшіріп тастаңыз.

@. @assel_assanova