Заңсыз сатылатын ерекше тауарлар

Заңсыз сатылатын ерекше тауарлар
Фото: survarium.com

Заңсыз тауар сату адамзат тарихының әр кезінде болған. Көп жағдайда мұндай тауарлар қатарына саудада қолжетімсіз өнімдер жатады. 

Қант
Қара нарықта сатылатын заңсыз тауар туралы сөз қозғалғанда бірден ойымызға есірткі мен қару келеді. Алайда қант та қара базардағы танымал өнімге жатады. Мысалы, Малайзияда еркін саудада қолжетімсіз болғандықтан, қанттың үлкен қара базары бар. Ол жақта бізге белгілі ақ қант емес, қоңыр түсті турбинадо қанты сұранысқа ие. Себебі ол қант адам ағзасына пайдалы болып келеді.

Бадам (миндаль)
Бадам — басқа жаңғақтар секілді өте пайдалы тіске басары. Дүкеннен сатып алынатын бадам қаптамаларында оның табиғи шикі жаңғақ екені жазылады. Бұл шындыққа жанаспайды. Заңды сауда ережесіндегі стандарт бойынша бадам пастерлеуденөтуі керек. Сол кезде оның құрамындағы цианид деген улы зат жойылады.

Жууға арналған құралдар
Барлық адам күнде үй тазалауға және кір жууға арналған түрлі құралдар қолданады. Қылмыстық топтарға көп пайда әкелетін тауарлардың біріне сондай кір жууға арналған құралдар жатады. Кезінде ірі қылмыстық ұйымдар супермаркеттерге өз адамдарын жіберіп, кір жуу құралдарын алдыртып, олардың формуласын зерттеп, өздерінің жасырын өндірісін жасайтын болған.

Мүйізтұмсықтың (носорог) мүйізі
Құпия нарықта сұраныстағы тауарға бірден азайып кеткен ақ мүйізтұмсықтың мүйізі де жатады.

Тасымал
Қара базарда заңсыз тасымал да танымал. Әлемнің көп қалаларында автобус, такси сияқты қоғамдық көліктер бар. Олар заңды жұмыс жасап, салық төлейді. Олардың қызметін үкімет уақытылы тексеріп, бақылап отырады. Ал құпия нарықта жолаушыларды тасымалдау ресмиге қарағанда арзан болып келеді. Сол төмен баға үшін жолаушылар төмен сапалы қызметке және заңсыз тасымалдаушы мемлекетке салық төлемейтініне көз жұмады.

Шаш
Табиғи шаштан жасалған париктер бейресми нарыққа сұлулық салондарды және арнайы дүкендерді тонату арқылы заңсыз жолмен келеді. Оның барлығы мол пайда үшін жасалады.

Ағза
Қара нарықта адам ағзасын да сататыны ешкімге құпия емес. Әлемнің әр бұрышынан көп ақша үшін өз ағзасын (бүйрек, шаш, қан) сататындар бар.

А. Жапатова