Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Қолға алу керек 7 іс

Қолға алу керек 7 іс

Қолға алу керек 7 іс

1.  Қаңтардың жиырма бірінші жұлдызы, демек ертең, Халықаралық құшақтасу күні. Мұндай сәтті қалт жібермеңіз! Таңертең оянып, отбасыңыздың мүшелерін құшаққа алыңыз. Мерекені сылтау етіп, өзіңіз ұнатқан қызды (немесе жігітті) тойғаныңша құшақтап алыңыз! Тек артық кетіп қалмаңыз!)

2.  23 қаңтар болатын Шығыс Жаңа жыл мерекесін кішкене отырыспен болса да, атап өтіңіз. Шығыс тамақтарын әзірлей алмасаңыз, базардан корей салаттарын алып, Шығыс Жаңа жылының аталу ерекшеліктері жайлы оқып, 2012 жылға шығыс күнтізбесі бойынша жорамалды  көруді ұмытпаңыз!

3.  Ұнап жүрген жаныңызды күттіре бермей, алғашқы кездесуге шақырыңыз. (Қыз болсаңыз да!!!)  Ал оған дейін алғашқы кездесуде өзіңізді ұстау ережелерімен танысқаныңыз жөн болар.

4. Жігіт болсаңыз, алдыңғы пунктты орындамас бұрын, Көңілін табу: Хитч әдісі киносын тамашалап, кез келген аруды сындыру әдістерін үйреніңіз. 

5. 2012 жылдың наурыз айында қорытындысы шығатын «Ел тұлғасы»  байқауына өз үлесіңізді қосып, қоғамдық қызмет, бизнес, мәдениет пен өнер, ғылым, спорт салаларында Қазақстанның тәуелсіз 20 жылы бойы еліміздің дамуына еңбектенген, «Ел тұлғасы» атағына лайықты жандарды анықтауға көмектесіңіздер! Дауыс беруге белсенді қатысайық!

6. Мамандық таңдаудың да кезі жетті. Ал егер сіз болашақ мамандығыңызды таңдап қойған болсаңыз, тәжірибеңізбен және мына мақаламен жас түлектермен бөлісіңіз.

7. Шоқыну мерекесінің аяздары да келді, қыстың ең қатал кезеңі басталды. Бас киімге қол сілтемей, ылғи киіп жүргеніңіз жөн. Шаштың көлемі мен сәндігін құртып алмауды үйреніңіз.


Суреттер anonymous8.com, 100dorog.ru, voha.blog.ru, kinolenta.kz, total.kz  сайттарынан алынды.

2793 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 20 қаңтар 2012, 15:14
Тегтер: жаднама,
Пікірлер
+0
20 қаңтар 2012, 17:30

Осы жолы мақала керемет әрленген екен. Қыздар, жарайсыңдар! )

+0
20 қаңтар 2012, 17:45

Айтпақшы, осындай ой тастап, әрлеумен көмектескен біздің қолданушыға (есімін айтпай-ақ қояйын) ерекше РАХМЕТ айтқым келіп тұр.

+0
20 қаңтар 2012, 19:44

1. Біреуді құшақтаймын! 2. Үйдің қасындағы Шығыс асханасына бас сұғармын! 3. Құпия клубқа бармақпын! 4. Ана жолғы уәдем бойынша массаж бен жаттығу залының екеуінің біреуі! 5. Ел тұлғасына бірнеше мәрте дауыс беріп үлгергенмін! 6. Тұзды ванна қабылдаймын! (Аяқ күтімі туралы кеңестен!

+0
21 қаңтар 2012, 01:29

Құдай құдай))десееен

+0
20 қаңтар 2012, 22:49

Иә, әдемі безендіріпті. Күшті. Кеңестеріңізді орындаймын. Тек 3 пунктен баскасын.)))

+0
21 қаңтар 2012, 01:29

3 пункт бастысы ғой!!!!)))

+0
21 қаңтар 2012, 01:39

Иә, 3 пункт ең маңыздысы ғой! Жігіттерге: қырынуды ұмытпаңдар! Қыздарға: телефондарыңды суға батырып тастаңдар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...