Балалар үшін үй жануарлары қауіпті ме?

Балалар үшін үй жануарлары қауіпті ме?
Фото: artleo.com

Балалар психологының сөзіне сенсек, үй жануарымен бірге бір шаңырақтың астында өскен балалардың ой өрісі жоғары, қабілеті мен бейімділігі тез дамитын көрінеді. Ендеше бұл қаншалықты рас? Үй жануары бөбегіміз үшін қауіпті ме?

Көптеген адамдар үй жануарлары мен жәндіктерді үйдің ішінде өсіріп бағып қағып жатады. Алайда, дүниеге сәби келген кезде барлығы өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан үйдегі мысық, ит, балық, қояннан сәбиіңізді аулақ ұстаған жөн.

Егер үйіңізде мысық болса...

Мысығы бар үйдің иелерінің айтуынша, мысықтар өте нәзік және баланың көңіл күйі мен бір жерінің аурып тұрғанын сезеді екен. Бірақ, итпен салыстырғанда мысықтар өте қыңыр болып келеді. Егер балаңызды тырнап алса, оның жарақаты ауыр ма? Қауіпті болуы әбден мүмкін. Тырналған жері ауырып ол фелиноз деген ауруға шалдығуы мүмкін. Ондай бактериялар мысықтың тырнағының астында өмір сүреді. Фелиноз ауруын емдеу ұзақ уақытты қажет етеді. Сондықтан мысық пен баланың арасын тым жақындатпау керек. Барынша ойнамағаны дұрыс.. Егер мысықтар қатты тырнап алатын болса, тезірек дәрігерге барыңыздар.

Егер үйіңізде ит болса...

Бала тәрбиесімен қатар ит асырайтын ата аналар үшін ішек құрт ауруы қорқыныш тудыратыны белгілі. Себебі, дәл осы ауру ит арқылы жұғады. Төрт аяқты жануар жолында жатқан баланың ойыншықтарын аузымен тістеп ойнап жатады. Алайда, сол ойыншықтарды кішкентай сәбилер аузына салады. Дегенмен, сілекей арқылы келетін ауру балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Ол үшін итке арнайы дір беріп, баланың дәретін тапсырып дәрігерге жүгінген абзал.

Егер үйіңізде құстар болса...

Жаз айында ауылға барып, таза ауамен демалып қыдырғанға не жетсін. Табиғат аясында, таза қолдың өнімдерін жеген өте пайдалы. Алайда, сол ауылдағы жануарлар бала үшін қауіпті. Сондықтан баланың балапан, үйрек, қаз сияқты құстармен байланыс жасамауы керек. Әйтпесе, сальмонеллез ауруына шалдығуы мүмкін. Сол үшін үй құстарын құшақтап, сүйіп, бірге ойнамағыны дұрыс.

Дереккөз: comode.kz

Г. Берік