Гүлдер энциклопедиясы: жұпаргүл

Гүлдер энциклопедиясы: жұпаргүл
Фото: vk.com

Жұпаргүл (душица) гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, аударғанда «түтікше» деген мағынаны білдіреді. Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындалған. Ал бүгінде бұл өсімдікті баубақша, саябақтарды әсемдеуге пайдаланады.

Қазақстанда дала мен атулы аймақтардың шалғындарында, орман шеттерінде, бұталар арасында, тасты, таулы аймақтарда өсетін екі түрі бар.

Олардың биіктігі 30-80 сантиметрге дейін жетеді. Жұпаргүл – тік сабақты, сыртын түк жапқан өсімдік. Жұпаргүл жарық және көлеңкелі жерлерге отырғызыла береді, яғни күй таңдай бермейді. «Гүлдің жайқалып өсуі үшін топырағын арнайы тыңайтқыштармен қоректендіріп отырған дұрыс» дейді мамандар.

Сонымен қатар, бұл гүлді өсіруде 10 литр суға 1 ас қасық аммиак қышқылын қосып, суаруға болады.

Г. Берік