Пернетақтамен теру мидағы ақпаратты өшіреді

Пернетақтамен теру мидағы ақпаратты өшіреді
Фото: bryandodge.com

Біз пернетақтада тез тереміз де, жазғанда – баяумыз. Пристон университетінің психологы Пэм А.Мюллер және Калифорния университетінің психологы Дэниел М.Оппенхаймер осы жағдайға байланысты зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде жоғарыда аталған пікір дәріс жазу кезінде мүлдем басқаша екенін анықтаған: ноутбук – дәріс жазғанда көмектесе алмайды екен.

Зерттеу барысында бір топ оқушы дәрісті компьютермен терген, ал бір топ оқушы қолмен жазған. Нәтижесінде пернетақтамен терген оқушылар дәріс арасындағы кейбір сөздерді ғана есте сақтаған. Оның себебін «әріптер қалып қоймас үшін осындай болды» деп түсіндірген. Ал екінші топ оқылған материалды үтір-нүктесіне дейін айтып берген.

Мұның алдында зерттелген тәжірибелерде дәрісті компьютердің көмегімен жазу мүмкін еместігі айтылған екен. Себебі, компьютерлік ойындар ойнап, интернетке кіріп кетіп, ойды бөледі. Ал қолмен жазуда адамның санасы жаңа ақпаратты сақтап алу кезінде жылдамдығы азаяды екен. Жазу баяулаған кезде ми көп мағлұмат жинайды.

Егер адам тез әрі қатесіз теретін болса, әріптен жаңылысып кетпес үшін дәрісті сөзбе-сөз тыңдап, оның мағынасына құлақ аспауы мүмкін. Сіз дәрісті компьютермен теріп отырсаңыз, дәрістің тек 10%-ын ғана мида сақтай аласыз.

Басқаша айтқанда, ми «Бұл ақпарат маңызды, есте ұстау қажет» деген сигналды қабылдамайды. Себебі, ол монитордағы әріптердің түгел екенін қадағалап отырады. Сіз құжатты сақтап жауып қойғанда, санаңыз келесі жұмысқа дайындалу үшін естіген ақпаратты ұмытып кетеді.

Егер сіз дәріскердің айтқандарын толық жазып алғыңыз келсе, физикалық тұрғыда қолыңыз шаршайды. Сол үшін сөздерді өзіңіз түсінетін етіп барынша қысқартып, белгілі бір символдармен белгілеп кетуіңіз мүмкін. Қолмен жазылған ақпараттар есте тез сақталады әрі санада ұзақ өмір сүреді.

Зерттеушілер мынадай қорытындыға келіпті: оқушы дәрісті тыңдап отырып, өз сөзімен конспектілегені тиімдірек. Оқушының жұмысы, реферат сынды өзіндік тапсырмалар дәріскердің алдына көбіне компьютермен «теріліп барады».

Параққа жазылған әр нәрсе бір ойға түрткі болады екен. Бұл туралы Станислас Деэн атты француз психологі пікірін былай тұжырымдады: «Біздің миымыз пернетақтамен жұмыс кезінде нейронды тізбек жасамайды, яғни ойлау жүйеміз тұйықталып қалады, ал хат жазу кезінде сана еркіндікті сезінеді».

Г. Берік