Заманауи мейрамхана мәдениеті

Заманауи мейрамхана мәдениеті
Фото: Андрей Короткий

Қазірге кезде мейрамханалар күн санап артып келеді. Бұл заман сұранысынан туындап отыр, яғни оған барушылар да көп. Алайда олардың барлығы бірдей мейрамханада өзін қалай ұстауды толығымен білмейді. Бір ісі болмаса, бір ісі қате орындалып, өзі оған мән бермегенімен, сырт көз бұл қылықты асқан мәдениетсіздікке санауы мүмкін. Сол себепті ұятқа қалмас үшін мына маңызды қағидаларды білгеніңіз жөн.

Мейрамханада телефонды ешқашан ас ішетін үстел үстіне қоймаңыз.

Саусағыңызды жаламай, майлық қолданыңыз.

Үлкен кесекті кішкене бөліктерге бөліп, кесіп жеңіз.

Аузыңызды үнемі қағаз майлықпен суландырып отырыңыз.

Айналаңызда барлығы қолмен жеп отырса да пышақ пен шанышқыны пайдалануға болады.

Тамақты қолмен жегенде бүкірейіп отырмаған,  жаныңызда отырған адамның алдына қарай жантаймаған жөн.

Тамақты қолмен жегенде тек сәл тістеңіз.

Ешқашан аузыңызды қолмен сүртпеңіз және ауызға тамақ толтырып алып сөйлемеңіз.

Алдыңызға әкелген ас ыстық болса, суығанын тосыңыз. Этикет бойынша ауызбен үрлеуге болмайды.

@. @assel_assanova