Жұлдыз жорамал: 14.03.16 - 20.03.16

Жұлдыз жорамал: 14.03.16 - 20.03.16
Фото: playbuzz.com

Көктемнің шуақты күндерін өткізіп алмаңыз. Кешкі серуеннің ешкімге артық етпесі анық. Сәттілік тілейміз!

Тоқты

Апта басында көңіліңіз жайдары болады. Сол жайдары қалпыңызды апта соңына дейін сақтаңыз. Тіпті, ойын-сауыққа көңіліңіз ауып, бақыттан  басыңыз айналады. Бірақ жұлдыздар артық қадам баспауыңызды қалайды. Аптаның ортасында маңызды сұрақтарды шешу талап етілуі мүмкін. Мүмкіндігінше, байыптылықпен, жауапкершлікпен қарағаныңыз жөн. Ал апта соңында жақындарыңызға көңіл бөліңіз. Олар сіздің көмегіңізге зәру. Демалыс күндері театрға, киноға немесе концертке жол түсуі мүмкін. Есіңізде болсын, сіз қарым-қатынастың адамысыз. Еш мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Торпақ

Жұлдыздар аптаның басында өзіңізден жоғары адамдармен кездеспеуіңізді ескертеді. Бұл күндері сізді махаббатта немесе қаржы мәселесінде тосынсый күтіп тұр. Аптаның ортасында бар күш-жігеріңізді жұмысқа арнайсыз. Неше түрлі идеяларыңызбен басшылықты таңғалдыруыңыз ықтимал. Бастысы, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Апта соңында неше түрлі пікірдің астында қалуыңыз мүмкін. Бәріне дайын болыңыз. Демалыс күндерін өзіңізге арнаңыз.

Егіздер

Аптаның басында ешнәрсеге бәс тікпеңіз. Бұл зор қауіп төндіруі мүмкін. Көшбасшылық қабілетіңіз танылып, өз алдыңызға жеке бастама көтерсеңіз құба-құп. Аптаның ортасында ақшаңызға баскөз болыңыз. Алтын көрген періштедей жолдан тайып кетсеңіз, сан соғып қаласыз. Жаңа адамдармен танысып, мансап жолында көтерілу үшін ойламаған қадам жасауыңыз мүмкін. Жұлдыздар апта соңында көп тыңдап, аз сөйлеуге кеңес береді. Не де болса, басқа пәле – тілден деген.

Шаян

Айналадағы адамдар сіз үндемеген сайын сес көрсетіп, өз міндетін асыра сілтеуі мүмкін. Сол себепті жұлдыздар апта басында өз үстеліңізден тұрмауға кеңес береді. Апта ортасында ерік-жігеріңіз тасып, біраздан бері желкеңіз жар бермей жүрген тірлікті бастауға мүмкіндік туады. Апта соңында қаржы мәселесі шешіледі. Бар ақшаңызды буып-түйіп, жинап қойыңыз, керек болады.

Арыстан

Арыстандар аптаның басында өзіне жаңалық ашады: экстремалды спортпен айналысады не білімге деген ынтасы ашылады немесе сыңарын кезіктіреді. Ал сүйіктісін тапқан Арыстандар аптаның бастапқы күндерін ғашығына арнайды. Аптаның ортасында өзін шығармашылық жұмысқа арнайды. Шығармашылық тынысы ашылады. Апта соңында Арыстандардың көңіл-күйі өзгеруі мүмкін. Тәуекелге бел буып, үлкен қадам жасауы мүмкін және бұл дұрыс.

 

Бикеш

Жұлдыздар аптаның басында сабырлы болуға шақырады. Ойлаған ісіңіз ойдағыдай болмаса, бір тынығып алыңыз. Өмірге философиялық көзқараспен қарауды үйреніңіз. Аптаның ортасында тіпті, фантастикалық түстер көріп, өңінде ойлап жүрген мақсатына жетеді. Аптаның соңында Арыстандар сүйгенімен кикілжіңге келіп қалуы мүмкін. Арыға кетпей, жүрекке тыныштық орнату керек. Өмірдің ағысымен жүру Бикештер үшін іш пыстыруы мүмкін, жаңалықтың жаршысы болады.

Таразы

Аптаның бастапқы күндері Таразыларға тосынсый сыйлайды. Жаңа хобби, жаңа танысу – осы аптаның еншісінде. Аптаның ортасында ешқашан барып көрмеген ортаға жол түсуі мүмкін. Өткен-кеткенді еске түсіретін сәттер де болады. Сенбі күндері қаржы мәселесімен айналыспаған дұрыс. Демалыс күні табысты күн болмақ. Сүйіктісіне арнап, себепсізден-себепсіз тосынсый дайындауы ықтимал.

Сарышаян

Аптаның басы сын естумен өтеді. Бірақ олар өздерінің ақ екенін дәлелдеп шығады. Ал аптаның ортасы махаббатқа бөленумен өтеді. Жұлдыздар бұл уақытта барды бағалауды ескертеді. Ал аптаның соңында отбасында да, жұмыста да, мансапта да белсенділігі артады, көшбасшылық қабілеті таныла бастайды. Апта соңындағы белсенділік келесі аптаға дейін жететін күш береді.

Мерген

Аптаның басы таңдаумен басталады. Бастысы жүректің қалауына жүгіну керек. Ал апта ортасында Мергендер ойлаған мақсатын бастап кетуі тиіс. Мергендер бастаса, жемісті аяқтайды. Мақсатқа жетемін деп жүріп, өзгелерді ренжітіп алудан ада болыңыз. Ал демалыс күндері күтпеген жағдай орын алады. Мергендерді зор мүмкіндік күтіп тұр деп болжайды жұлдыздар.

Тауешкі

Жұлдыздар апта басында сабырлы болуға шақырады. Сонда ғана апта сәтті өтеді. Апта ортасында сүйіктісінің жанында жайлылық тауып, бір сәт жүрегіне тыныштық сыйлайды. Ұсақ-түйектерге мән бермеген абзал. Апта соңында жағымды жаңалық естиді: жолсапар, жаңа таныстық, жаңа жұмыс немесе жаңа достар. Сол үшін бәріне дайын болу керек.

Суқұйғыш

Дүйсенбі күні Суқұйғыштар барынша ашылуы керек, өз сөзін дәлелдеп, өз ойын еркін айтып, басшылықтың алдында өзін жақсы қырынан көрсеткені абзал. Ұсақ-түйекке бас қатырмаңыз. Уақытыңызды текке жоғалтып аласыз. Одан да маңызды іспен айналысыңыз. Ал апта соңында құлдырауды сезіне бастаған Суқұйғыштар дер кезінде өз-өзін қолға алуы тиіс. Қарсыластарға көз жұмып, тек алға қарау керек. Ал демалыс күні барлық мәселені бір жаққа ысырып қойып, тынығу керек.

Балықтар

Аптаның басында Балықтар жұмыстан өзге істерге араласпағаны жөн, тапсырмалар келуі мүмкін, егер шамасы келмесе, иесіне қайтарып берген жөн. Ал сейсенбі күні оларға жанұядағы үлкен мәселені талқылауға сәтті күн. Аптаның ортасы Балықтар үшін жұлдызды сәттерге толы болмақ. Дәл сол күндері өзін белсенді тұлға ретінде таныта алады. Ал апта соңында кикілжіңдер тууы мүмкін. Түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ, дегенмен себебі орынды болса, амалын тауып, кешіруге тырысыңыз.

Г. Берік