Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Қазақша ай атауларының сыры #2

Қазақша ай атауларының сыры #2

Қазақша ай атауларының сыры #2

Басы

Шілде — жаздың екінші айы. Парсы тілінде (шілдә) "қырық" деген мағынаны білдіреді. Жазғы қырық күн, шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді. Ол әуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып кеткен. Шілдеде күннің ұзақтығы қысқара бастайды.

Тамыз — жаздың соңғы айы. "Күйдіру" деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған. Тамыз айында аптап ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Осы құбылыстарға байланысты бұл айды кейде сарша-тамыз деп қосарлап айтады. Яғни "сарша" сөзінің арғы тегі — "сары шақ", ежелгі түркі сөзі.

Мерекелі күндер:

13 тамыз — Спорт күні.
30 тамыз — ҚР Конституция күні. 

Қыркүйек — күздің алғашқы айы. Осы айда қозы мен ешкінің төлдеу уақытын көктем айына келтіру үшін қошқар мен текеге күйек байлайды. Бұл шаруа қырда, өріс басында өткізіледі. Сол себепті "қыр", "күйек" сөздерін біріктіріп, айды қыркүйек атаған.

Мерекелі күндер:

1 қыркүйек — Білім күні.
22 қыркүйек — Тіл мерекесі.

Қазан — күздің екінші айы. Парсы тілінде "күз" дегенді білдіреді. Бұл айда егін, жеміс-жидек жиналып, қазанға толады. Жерде қалғанын суық соғып, үсік шалады. "Қазан соғу" деген осы мағынаны білдіреді. 

Қараша — күздің соңғы айы. Жердің оты кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды. Ай атының "қараша" деп аталуы да осыны мегзейді. Қарашада қар түсе бастайды, мұны халық "қарашаның қары" деп атайды.

Мерекелі күн:

15 қараша — Ұлттық ақша — теңге күні. 

Желтоқсан — қыстың алғашқы айы. "Жел" және "тоқсан" деген түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді және боранды деген ұғымды білдіреді. Бір тоқсанда үш ай болатыны көпке белгілі. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. 22 желтоқсанда күн барынша қысқарады.

Мерекелі күн:

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні. 

Дайындаған: Жас Исакаев
Фото: skill.ru
Қосылған күні: 26 ақпан 2016, 19:54

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.